«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІ баршаның көңілінен шықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазанның алғашқы күндерінде “СевКазЭнерго” АҚ компаниясының өкілдері облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйіндегі өздері демеу көрсететін “Жұлдыздар” отбасысындағы туған күн иелеріне тосын сый жасады.  

Бұл жолы “Жұлдыздар” отбасысында жеті бірдей баланың туған күні аталып өтілді. Энергетиктер олардың әрқайсысына жеке сыйлықтар дайындапты. Туған күн иелерінің біреулеріне болашақта үлкен жеңістерге ынталандыратын спорттық киімдер, екіншілеріне достарымен байланыс жасап тұру үшін ұялы телефондар тарту етілді.

“СевКазЭнерго” АҚ 2-ші жылу электр стансасы кәсіподақ комитетінің төрағасы Анатолий Шпак балаларға сыйлықтарды беріп тұрып, оларға сенімді достар мен оқуда зор табыстар тіледі. Ол: “Сендердің көпшілігің болашақта кім болатындықтарыңды жоспарлап та қойдыңдар. Мамандық таңдау, оқып шығып еңбек ету, адамдарға көмектесу – өте маңызды іс. Біз сендердің армандарыңның орындалғанын тілей отырып, қолымыздан келген көмегімізді аямаймыз”, – деді.

Балалар олардың сый-құрметтеріне жауап ретінде шығармашылық кеш дайындады. Бұл күні достарын құттықтауға қазақ-түрік лицейінің оқушылары да келді. Олар да көңілді ән-жырдан шашу шашып, қызықты ойындар ойнатты. “Жұлдыздар” отбасысының тәрбиеленушілері қонақжайлылық танытып, меймандарына дастарқан жайды.

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp