«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗДІҢ ДЕПАРТАМЕНТТЕ СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шолпан БІРІМЖАНОВА,

СҚО Экология департаментінің бас маманы.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес “Солтүстік Қазақстан облысының Экология департаменті” мемлекеттік мекемесінде жүйелі сипат алып, басым бағыттардың біріне айналып отыр.

Бүгінгі таңда рұқсат беру жүйесінде жариялылыққа қол жеткізілді. Рұқсат беру процедураларын жеңілдету және әкімшілік тосқауылдарды азайту мақсатында жұмысқа “Әмбебап рұқсат беру жүйесі” бағдарламасы енгізілді. Аталмыш бағдарлама Елбасының биылғы Жолдауында айқындалған міндеттерге негізделген. Ал қоршаған орта эмиссиясына барлық санат үшін рұқсат беру “Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер реестріне” қосылды. Бағдарлама Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің сайтына енгізілген.

2012-2013 жылдары департаменттің мамандары тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары тіркелмегенін атап көрсеткен жөн. Мұнда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері – ұдайы назарда.

Тоқсан сайын мекемеде құқық қорғау органдары мамандары мен “Нұр Отан” ХДП өкілдерінің қатысуымен “Өкілетті мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою” тақырыбында семинар-кеңестер өткізіледі.

Облыс тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін, табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсарту бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету мемлекеттік экологиялық бақылауды іске асыру кезінде департамент қызметінің басты міндеті болып табылады. Тексерістер жоспарлы түрде және азаматтардың өтініштері мен прокуратураның сұрауы бойынша жоспардан тыс жүргізіледі.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға департамент тарапынан айыппұл немесе қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды ұсыну түріндегі әкімшілік әрекет ету шаралары қолданылады. Инспекторлық бақылау қызметі барысында биылғы жылдың өзінде 264 тексеріс жүргізіліп, табиғат қорғау заңнамасын бұзған 420 бұзушылық анықталды. Аталған бұзушылықтар үшін 28 млн. теңгеге 522 әкімшілік айыппұл салынды, оның 22 млн. теңгесі бюджетке өндіріліп алынды. 57 млн. теңгеден астам сомаға қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу үшін 82 талап арыз жолданды. Бұған дейін берілген талап арыздардың орындалуы мақсатты тексеріс жүргізу, сондай-ақ табиғат пайдаланушыларынан ресми ақпарат алу түрінде қадағаланады.

Департаментте азаматтардың өтініштері мен шағымдары үшін жәшік, өтініштерді тіркеу журналы бар, мемлекеттік мекеме басшыларының азаматтарды жеке қабылдауы бойынша кесте жасалған. Сенім телефоны жұмыс істейді, сондай-ақ ақпарат үшін электрондық мекенжай ашылған.

Департаментте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп отырған жұмыс мамандардың құқықтық сауаттылықтарын және біліктілік деңгейлерін арттырады және де ұжым ішінде кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдын алуға, мемлекеттік қызметшілердің тиісті заңнамада көрсетілген талаптарды орындауына ықпал етеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp