«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГІНДІКТЕРДЕГІ ӨРТТІҢ АЛДЫ АЛЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ТЖД қызметкерлері егіндіктердегі өрттің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар өткізуде.

Бұл шаралар түсіндіру түрінде жүргізіледі, қызметкерлерге нұсқау беріліп, жадынама, өртке қарсы норманы және ережелерді орындау туралы тұжырымдама таратылады.

Қызылжар ауданының ТЖ бөлімінің мамандары “Бескөл тұқым шаруашылығы станциясы” ЖШС-нің егіндігінде рейд өткізді. Олар диқандармен өрт қауіпсіздігін қадағалау жөнінде әңгімелесіп, ауыл шаруашылығы техникасының өрт сөндіруге қажетті құралдармен жарақтандырылуын, егіндікті автокөлік жолдарынан және орманнан бөлетін орындарды тексерді. Бас инженер Клара Такирова рейд кезінде өртке қарсы ереже бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

Бескөл тұқым шаруашылығы станциясының бригадир-агрономы Михаил Роженконың айтуынша, олар егіндіктегі өрт қауіпсіздігін қадағалайды, қалдықтарды шығарып, шөпті өртемейтін көрінеді.

ТЖД және ауыл шаруашылығы кәсіп-орындары қызметкерлерінің сақтығының арқасында биыл облысымыздың егіндік-терінде өрт тіркелген жоқ.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp