«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰРТТЫ ҚУАНТУҒА АСЫҚ ЖАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арқасына басылымдарға толы сөмкесін асынып алып, аулаларды аралап жүрген пошташыларды жиі кездестірмесек те, ежелгі мамандықтың өкілдері баянды қызмет етіп келеді. Айгүл Мәтенова – солардың бірі. Ол “Қазпочта” АҚ-да 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Оның жұмыс күні белгіленген учаскелер бойынша пошта таратудан басталады. “Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған” пошташының жұмысы қызық пен қиындыққа толы. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Айгүл Ақанқызы облыс орталығындағы 18 ұйымға, қырық шақты көпқабатты үйге және соншалықты жер үйлерге күнделікті поштаны жеткізіп тұрады. Оның учаскесіне “Уют” және №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені аумағындағы үйлер жатады. Айгүл хат-хабар мен басылымдар алып тұратын тұрақты клиенттерін жақсы таниды. Олар көбінесе республикалық және ресейлік басылымдарға жазылады, дейді ол. Бірақ өңірлік басылымдар да қалыс қалмайтын көрінеді. Ол жүктелген жұмысты абыроймен атқарып келеді. Өзге әріптестері сыңайлы күннің ыстық-суығына қарамастан, басылымдарға толы сөмкесін асынып, қала тұрғындарына поштаны тезірек жеткізуге тырысады. Әңгіме барысында ол көп пәтерлерде пошта жәшігінің жоқтығын айтады. Басылымдарды салатын пошта жәшігі болмаған соң, пошташы басылым иесімен кеңесіп, басылымдарды көршілерге тапсырып кетуге мәжбүр болатын көрінеді. Бұл өз кезегінде пошташылардың жұмысын ауырлата түседі.

Еңбек өтілі сегіз жылды құрайтын пошташы өз жұмысына риза. Себебі, пошташы мамандығы қай заманда болсын қоғамға қажетті мамандықтардың бірі болып қала бермек.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp