«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰҚЫМ ҚОРЫ ТОЛЫҚ ҚҰЙЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні қар аралас жаңбыр жауып, онсыз да қабағы ашылмай тұрған ауа райы тіпті бұзылып кетті. Қолайлы сәтті қалт жібермеуге жан салып жүрген өңір егіншілері мүмкіндікті барынша пайдаланып, жиын-терім жұмыстарын жалғастыру үстінде. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі жедел деректері бойынша, облыс диқандары дәнді дақылдардың 3146,8 мың гектарын немесе 88,1 пайызын бастырып, барлығы 4569,0 мың тонна астық жинады. Гектар басы орта есеппен 14,5 центнерден өнім алынуда. Бұл көрсеткіш өткен жылы осы кезеңде 12,8 центнерді құраған болатын.

Танап берекесін жүз пұтқа жеткізушілер қатарына Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның егіншілері де қосылды. Көш басында бұрынғысынша сәйкес түрде 16,8 және 16,5 центнерден өнім алып жатқан М.Жұмабаев және Қызылжар аудандары келеді. Облыс бойынша әзірге ең төмен шығымдылық – Тимирязев (11,0 центнер) және Ақжар (11,9 центнер) аудандарында.

Ауа райының жағдайына байланысты майлы дақылдарды жинау жұмысы да бәсеңсіді. Әзірге 335,8 мың гектардың дақылдары шабылды, жинап алынғаны 193,0 мың гектар немесе майлы дақылдық алқаптардың 43,8 пайызын құрайды. Танап шығымдылығы 12,4 центнерден айналуда.

Облыс бойынша барлығы 510 мың тонна тұқым құйылып, жоспарланған меже толық орындалды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp