«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНІМ САПАСЫНЫҢ АРТУЫ олардың еңбегіне байланысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті Петропавлдағы Аграршылар үйінде техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылаудың 15 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізді. 

Тоқтар ЗІКІРИН,

“Солтүстік Қазақстан”.

Осы мерекелік шараға мемлекеттік органдар мен өндіруші кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Жиынды құттықтау сөзбен ашқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов еліміздің таяудағы жылдары Дүниежүзілік сауда ұйымына енуді және 2050 жылға таман әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды көздеген мақсаттарын жүзеге асыру үшін техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылаудың маңыздылығына тоқталды.

Жиында департамент басшысы Василий Чепухин күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша баяндама жасады. Онда ол стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің құрылу тарихынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі өсу жолын айтып берді. ҚР-ның “Техникалық реттеу туралы” Заңына сәйкес, өнімдердің, өндіріс үрдістерінің, сондай-ақ сәйкестікті бекіту жөніндегі органдардың және зертханалардың барлығы да мемлекеттік бақылау нысандары болып табылатынын атап көрсетті. Онда айтылғанындай, техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау үш бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден, ол республикада өндірілетін және өзге елдерден әкелінетін тауарлардың өткізу сатысындағы қауіпсіздігі мен сапасына мемлекеттік бақылау болып табылады. Екіншіден, мемлекет сәйкестіктерін бекіту мен сынақтық зертханалар жөніндегі органдардың қызметін бақылайды. Ал үшінші бағыт – мемлекеттік метрологиялық бақылау, онда өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету көзделеді.

Баяндамада соңғы 10 жылдың ішінде 3036 тексеріс жүргізілгені айтылды. Олардың қорытындысы бойынша 1572 тәртіп бұзушылық анықталып, барлығы 25 987 372 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынған. Ең бастысы, осы тексерістер барысында жалпы сомасы 709 миллион теңгенің сапасыз және қауіпті өнімдерін өткізуге 8983 тыйым салу шаралары қолданылған. Осындай ымырасыз күрес жүргізудің нәтижесінде жергілікті тауар өндірушілердің өнім сапасының арта түскені анық.

Салтанатты жиын марапаттық шаралардан да кенде болған жоқ. Департаменттің үздік қызметкерлеріне облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат тапсырды. Сол сияқты департамент басшысы Василий Чепухин өз кезегінде өңірдің сапалы өнім шығарушыларын және осы саладағы жетістіктерді белсенді көрсетіп жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp