«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

XVІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ХVІ ғасырдың басы Қазақ хандығының нығаю кезеңі болды. Бұл уақытта Шибан ұрпақтары оны құлату мақсатымен бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 1510 жылы Мұхаммед Шейбани ханның қазақтарға қарсы үлкен жорығы ұйымдастырылды. Ол басында сәтті болғанымен, Шибан ұрпақтарының әскерлерін Қасым хан әскерлері талқандады. Бұл жорық Мұхаммед Шейбанидың қазақтарға қарсы соңғы жорығы болды. 1510-1520/21 жылдар Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы дәуірлеу кезеңі болып табылады. 1521 жылы Қасым хан өлгеннен кейін, қазақ мемлекетінің әлсіреу кезеңі басталды, көршілестермен болған соғыстарда хандық кейбір жерлерінен мен адамдардан айрылды. 1537 жылы Санташ шайқасында қазақтар моңғол-өзбек әскерлерінен үлкен жеңіліс тапты. Тек ХVІ ғ. 50-ші жылдары билікке Қасымның ұлы Хақназар ханның келуімен қазақ мемлекеттігі қайта нығая бастады. Хақназар хан мен Шығайдың аз уақыт басқаруынан кейін, Тәуекел хан Қазақ хандығын нығайтуды жалғастырды. 1589/99 ж.ж. ол Орта Азияға Шибан ұрпақтарына қарсы жорық жасап, жетістіктерге жетті. Осындай бір шайқастарда Тәуекел хан жарақат алып, қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp