«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КУРСК ИІНІНДЕГІ ЖЕҢІСКЕ – 70 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Сенбі күні Достық үйінде өңіріміздегі Орыс қауымдастығы, “Світанок” украин мәдениеті қоғамдық бірлестігі, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы бірлесіп Курск иінінде болған шайқастағы жеңістің 70 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Оған құрметті қонақтар ретінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қасым Жүнісов пен Леонид Захаренко шақырылды. Конференцияға қатысқан студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері тарихшылардың, оқушылардың Курск иініндегі шайқас жайлы жасаған баяндамаларын тыңдады. Орыс қауымдастығының төрағасы Виктор Сайконың айтуынша, әйгілі шайқас арқылы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру үшін облыстық сырттай олимпиада да өткізіліпті. Оған облыс орталығындағы 8 мектеп пен Аққайың, Мамлют, Жамбыл, Қызылжар, Есіл, Шал ақын, М.Жұмабаев және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардан барлығы 97 оқушы қатысқан. Конференцияда аталмыш олимпиада жеңімпаздары марапатталды. Бірінші орын Петропавл қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Дмитрий Горячев пен Шал ақын ауданындағы Октябрь орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алексей Бредихинге берілді. 2 және 3- орындарға 8 оқушы лайық деп танылды.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp