«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУЖАҢА АВТОКӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Самат Ескендіров “Петропавл қалалық мүгедектер қоғамы” қоғамдық бірлестігіне екі сужаңа автокөліктің кілтін табыс етті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Облысымызда бастау алған Қарттарды қолдау айлығының тағы да бір іс-шарасын жалғастырып отырмыз. Менің облыс тұрғындарымен есепті кездесуімде мүгедектерге арналған автокөлік сатып алу мәселесі көтерілген болатын. Міне, бүгін демеуші болып келген республикалық “Сәби” қорының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында арнайы қондырғылармен жабдықталған екі бірдей автокөлік пайдалануға беріліп отыр, – деген өңір басшысы автокөліктердің кілттерін қоғамдық бірлестіктің төрайымы Валентина Заборовскаяға салтанатты түрде табыс етті.

Қалалық мүгедектер қоғамына 500 адам мүше. Солардың 82-сі – балалар. Енді жарымжан жандарға 5 бірдей автокөлік қызмет көрсетеді. Сужаңа автокөліктер арбаға таңылған мүгедектерді көлікке көтеріп кіргізетін арнайы құрылғымен жабдықталған. Ол пультпен басқарылады. Аталмыш қордың “Инватакси” жобасының аясында сатып алған көліктің құны – 13 млн. 600 мың теңге. Ең бастысы – көлікте барлық қауіпсіздік шаралары ескерілген. Бұл автокөлікке қоларбалы екі адам сияды. Енді қызылжарлық мүмкіндігі шектеулі адамдар баруы қажет жерлеріне еш қиындықсыз жете алады. Ол үшін олар көлік сыртына жазылған 39-76-87 телефон нөміріне қоңырау шалса болғаны, дейді Валентина Заборовская.  

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp