«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗПОЧТА”: ЖАҢА СТРАТЕГИЯ, ЖАҢА МАҚСАТТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

9 қазанда Дүниежүзілік пошта күні аталып өтіледі. Қазақстанның Ұлттық поштасын қайта құру уақыт талабы болатын. Бұл бір жағынан нарықтың дамуымен байланысты болса, екінші жағынан шалғайда жатқан ауылдар мен елді мекендер үшін пошта – мемлекеттіктің бір белгісі болды. Сондықтан жағдайдың өзі ұлттық пошта қызметінің қазіргі заманғы талаптар мен стандарттарға сай болуын міндеттейді. 

Сәкен ҚИҚЫМОВ,  

“Қазпочта” АҚ СҚО

филиалының директоры.

 

Өзгерген өмір шындығы

“Қазпочта” АҚ қабылдаған дамытудың жаңа стратегиясы компанияның барлық бизнесін түбегейлі өзгертуді ұсынады. Кеңбайтақ еліміздің алып жатқан аумағы мен заманауи технологиялардың бүгінде қол жеткізіп отырған мүмкіндіктерін есепке ала отырып, еліміздің үш мыңнан астам пошта бөлімшелерінің ұлттық желісі жаңа пішімге ену үшін толығымен қайта құрудан өтуі керек. Дәстүрлі хаттар мен сәлемдемелерден басқа, “Қазпочта” кең түрде электрондық және қаржылық қызметтер көрсетеді.

Әлемнің көптеген елдерінде тәжірибеде қолданылып жүргендей барлық еліміз бойынша пошта бөлімшелерінің желісі бір мезгілде жеке, электрондық және қаржылық қызметтер ұсынады. Ұлттық поштаның негізгі қызметі дәстүрлі қызмет көрсету болып қала береді, ол – барлық еліміз бойынша әмбебап пошта байланысын қамтамасыз ету.

Технологиялардың дамуымен бірге нарық та қарқынды даму үстінде, осыған орай пошта желісі де өз тұтынушыларының жаңа қажеттіліктеріне сай болуы керек. Пошта технологияларының қазіргі даму деңгейін ескерер болсақ, оның алдында күрделі міндет тұр. Көздеген мақсатқа жету үшін осызаманға лайық бизнес-үлгі құрып, ескі технологиялардан тазарып, жұмысты оңтайландыру қажет. Мыңдаған қызметкерлерді қайта оқытып, құрал-жабдықтарды, бағдарламалық кешенді жаңалау керек.  

Пошта жұмысына жаңа талаптар айқындайтын бірнеше шынайы нарықтық үрдіс бар.

Біріншіден, ол қалалар мен шалғай ауылдарда Интернет пайдаланушылар санының күрт өсуі. Осыған байланысты Қазақстанда электрондық коммерция қарқынды дами бастады.

Екіншіден, “Электрондық үкімет” порталында мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңеюде. Кез келген жердегі мемлекеттік органмен Интернет-портал арқылы жұмыс істеуге болады. Электрондық құжатты жергілікті “Қазпочта” бөлімшесінде ресми түрде бекітіп және шығарып алуға мүмкіндік бар.

Үшіншіден, елімізде тұрғындар мен бизнеске сапалы қаржылық қызмет көрсетуге сұраныс артып отырғаны байқалады. Ондай қызметке, әсіресе, Қазақстанның елді мекендері зәру.

Төртіншіден, көліктік-логистикалық қызмет нарығының кеңеюі. Оларға қажеттілік еліміздің ішінде де, халықаралық бизнес тарапынан да артып отыр. Бұған еліміздің Қытай Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа сияқты ірі экономикалық аймақтармен іргелес болуының ықпалы зор. Қазақстанда халықаралық курьерлік компаниялар белсенді қызмет етуде, логистика және тасымалдау салаларында ірі фирмалар бар.

“Қазпочта” АҚ электрондық коммерция және қашықтықтан сауда жасау кәсіпорындары үшін негізгі серіктес бола алады, сондай-ақ жарнамалық жөнелтулер мен есепшоттарды жеткізіп беру бойынша нарыққа барынша тартымды шешімдер ұсынады. Сонымен қатар курьерлік және экспресс жеткізу нарығында өз ұстанымын нығайтуға, ал қолданыстағы пошта бөлімшелері жүйелерін қаржылық қызмет көрсету нарығын алға бастыру үшін пайдалануға мүмкіндік бар.

Қатаң бәсекелестік жағдайында

Қазіргі кезеңде “Қазпочта” АҚ өзінің қызметін Қазақстанның жалпы инновациялық даму стратегиясының бір бөлшегі және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге шоғырлануы, ал пошталық сегментті жаһандық пошталық желі ретінде қарастырады.

Либералдандырудан кейін Қазақстанның бірқатар пошталық нарығының сегменттерінде қатаң бәсекелестік қалыптасты. Нарықта ірі халықаралық курьерлік байланыс операторлары жұмыс істеп, шағын жекеменшік компаниялар белсенді қызмет көрсете бастады. Бәсекелестік орта Қазақстан тұрғындары мен бизнес-құрылымдарда жаңа деңгейдегі сұраныстардың пайда болуына ықпал етті. Осыған байланысты көшбасшы инфрақұрылымдық салалардың бірі ретінде “Қазпочта” АҚ-на да талаптар артты.

Бүгінгі таңда еліміздің “Қазпочта” АҚ-да 22 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олар 603 қалалық, 156 аудандық және 2452 ауылдық байланыс бөлімшелерінде пошталық, қаржылық және агенттік қызмет түрлерін көрсетеді.

Бизнесті оңтайландыру, оның кірісін арттыру – қайта жаңғыртудың өзекті мақсаттарының бірі. Ондағы мақсат – клиенттердің сұранысын толығымен қанағаттандыру, компанияның тұрақты және пайдалы қызметін қамтамасыз ету, сапалы қызмет көрсету спектрі-саласын кеңейту. Мұндай поштада еліміздің кез келген тұрғыны кәдімгі жөнелтілімді жіберуді немесе алуды жүзеге асырады, “Электрондық үкіметтің” қызметін пайдаланады, электрондық сауда порталы арқылы сатып алуға тапсырыс береді. Онымен қатар ол қаржылық: ақша аудару, депозиттер салу, несие алу қызмет түрлерін пайдаланады.

Мақсатты бағдарлар

“Қазпочта” АҚ құрылымдарының алдына бірқатар айқын стратегиялық мақсаттар қойылып отыр. Қайта жаңғырту нәтижелері бойынша “Қазпочта” АҚ мақсатты көрсеткіштерге шығуды көздеп отыр. Ондағы міндет – 2015 жылға дейін көліктік-логистикалық қызмет нарығына “Қазпочта” АҚ-ын инфрақұрылымы аяқталған және қалыптасқан белгілі ойыншы ретінде шығару. Бірінші стратегиялық мақсат – “Пошталық қызметтердің” бейіндік бизнесін кеңейту.

Келесі мақсат – IT-стратегиясын автоматтандыру үдерісін толықкөлемді жүзеге асыру, көліктік-логистикалық қызметтерді күшейту, толыққанды компания ретінде сыртқы нарыққа шығуға дайындалу.

Компанияда толыққанды банк бизнесін құру үшін әр бөлімшені “Қаржылық шағын-маркет” үлгісі деңгейінде дамытуды көздейді. Өзінің желісінде осызаманғы қаржылық қызмет көрсету спектрін енгізе отырып, компания бірнеше міндеттерді шешуді мақсат етеді. Біріншіден, “Қазпочта” АҚ бәсекелестік басымдығы бар нарықтарда (аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде зейнетақы, жәрдемақы, бюджеттік ұйымдар жұмысшыларына еңбекақы төлеу, ақша аударымдарын жүргізу) қызметті кеңейтпек. Екіншіден, “аудан орталығы және ауылда” нарық сегментіне сенімді және кәсіби қаржылық қызмет көрсетушіні бекітеді. Үшінші міндет – Интернет және ұтқыр банкинг, өз-өзіне қызмет көрсететін төлем терминалдары желісі сияқты инновациялық өнімдерді дамыту. Төртінші міндет – сақтандыру және шағын несиелеу қызметтерін көрсету үшін басқа қаржылық институттардың агенттері ретінде нарыққа шығу. Бұл компанияның жалпы операциялық тиімділігін, оның қаржылық өтемін арттыруға ықпал етеді. Келесі мақсат – автоматтандыру үдерісі бойынша IT-стратегиясын толықкөлемді жүзеге асыру болып отыр. Компанияның ең соңғы алтыншы стратегиялық міндеті сенімділік және сапа брендін арттыру болып табылады.

Барлық аталған міндеттердің көздеп отырғаны – қазақстандық поштаны дамыту. Стратегияда айтылғандардың ең бастысы, нақты экономикалық өлшемдерді, болжанған нарық үлесі мен басқа да мақсатты бағдарларды қоспағанда, барлық жерлерде жаңа технологияларды енгізу және негізгі өндірісті жаңғыртуды көздейді. Жергілікті жерлердегі бөлімшелердің пошта таратушылары мен курьерлерінің жұмысын ақпараттың электрондық қозғалысын пайдалана отырып оңтайландыру қолға алынды. Клиент кез келген уақытта Интернет арқылы өзінің жөнелткен жүгінің қай жерде екенін біле алады.

Пошта бөлімшелерінің жұмысы бұрынғыға қарағанда көп өзгерді. Құрылған “үшөлшемді желі” қызметі бірнеше базалық бағыттарға бөлінеді. Даму стратегиясына сәйкес “Қазпочтаның” әр бизнесінің өз басымдық жүйесі бар. Пошта қызметін көрсету бизнесінде компания қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігіне баса назар аударады. Мәселен, “Қазпочта” бүгінгі күні жекелеген банктердің несиелеу жұмысын, MoneyGram жаһандық желісінің жедел аударымдарын жүзеге асырады.

Биыл қазақстандық поштаға 20 жыл толып отыр. Осы жылдарда пошта саласының клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған көптеген жұмыстар жасалды. Біздің алдымызда зор міндеттер тұр, оларды еңсеру үшін компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің бірлесе жұмыс істеуі керек.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp