«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛЫНАМЫН ДЕП ЖАЛЫНҒА ОРАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылдың басынан бері облыс бойынша 265 миллион теңгенің шығынын келтірген 507 өрт оқиғасы тіркеліп, лапылдаған от ішінде жасы мен жасамысы бар отыз жеті адамның өмірі қиылды. Осылайша салғырттық салдарынан орны толмас қайғылы оқиғалар орын алды. Ал өткен апта ішінде тілсіз жаудың жалыны            4  көлікті, 60  тонна ірі сабақты азықты және бірнеше пәтерді шарпып өтті. 

Апта ішінде облыс орталығында және өңіріміздің 10 ауданында өрт оқиғасы тіркелді. Отыз жастағы облыс тұрғынын өлім аузынан өртсөндірушілер арашалап қалды. “Ащы суға” сылқия тойып алған ер адам төсекте темекі шегіп жатып, ұйықтап кеткен. Абырой болғанда, пәтерден шыққан түтінді көрген көршілер өртсөндірушілерге дер кезінде хабарласқан. Ес-түссіз жатқан ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Күн суыта бастағалы пеш және жылыту қондырғыларынан өрт шығу фактілері жиілеп кетті. Оған көбіне пештің ақауы себеп болуда. Ақжар ауданындағы Ленинград ауылындағы үйлердің бірінде қауіпсіздік шараларының өрескел бұзылуынан жаңадан салынған пеште от жаққан мезетте үйдің іші өртке оранды. Осындай өрт оқиғасы Жамбыл, Уәлиханов аудандары мен облыс орталығында да тіркеліп отыр.

Күз және қыс мезгілінде орын алған өрт оқиғаларының 80 пайызы пеш жағу кезінде орын алады. Сондықтан кемінде үш айда бір рет түтіндік пен пешті күлден тазартып, пештің жарамдылығын тексеріп отыру керек. Сондай-ақ пешті бензин, керосин, дизельді отын және басқа да тез жанғыш сұйықтықтармен тұтатуға мүлдем рұқсат етілмейді. Пешті жағар алдында міндетті түрде пештің астын және жапқышын ашыңқырап, пештегі көмір түгел жанып біткен кезде ғана жапқыштарды жабуға болады. Өрттің шығуын болдырмау үшін пешке жөндеу жүргізу дұрыс екендігін естен шығармау керек. Өрт статистикасы осыны көрсетіп отыр.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp