«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автокөліктерді ЕУРО-4 экологиялық стандартымен сертификаттау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №97 қаулысымен биылғы 1 шілдеден бастап ҚР аумағында ЕУРО-4 экологиялық стандарты енгізілді. Осы уақыттан бастап ҚР аумағына ЕУРО-3 және одан төмен экологиялық стандарттағы автокөлік құралдарын әкелуге (тіркеуге) тыйым салынды.

Алайда, Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген, бірақ 4-класс бойынша бекітілген талапқа жауап бермейтін автокөліктерді декларациялау мәселесі бойынша жеке тұлғалардан өтініш азаймай отыр.

Автокөліктер қазіргі уақытта техникалық регламентке қосымша болатын мына кестеге сәйкес сертификатталатындығын ескертеміз:

 

 

 

 

Ескерту: * Еуропа одағына Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді.
Кеден одағы аумағына әкелінетін автокөлік құралдарын кедендік рәсімдеу мәселесі бойынша толық ақпаратты мына мекенжайда орналасқан “Петропавл – кедендік рәсімдеу орталығы” кедендік бекетінен алуға болады: Ғ.Мүсірепов көшесі, 34 Б.
СҚО бойынша КБД-нің баспасөз қызметі.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp