«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЙРАҚТЫ ДОДАДА – 7 ЖҮЛДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында конькимен сырғанау спортынан ҚР кубогы үшін жарыс өз мәресіне жетті. Байрақты додада өңір намысын қорғаған жерлес конькишілер облыс қоржынына әртүрлі деңгейдегі 7 жүлде салды. 

 Сайыстың қорытындысы бойынша “Қарасай” жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Артур Сергиенко мен Елена Урванцева 3000 метр қашықтықта үздік болып, алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ Елена 1500 метр қашықтықта 3-орынға ие болды. Ал 1000 және 1500 метр жарыс жолында Татьяна Сокирко 2 бірдей күмісті ұтты. 1,5 және 3 шақырымда сынға түскен Иван Аржаников қола медальдарды жеңіп алды.

Аталмыш додада Артур Сергиенко мен Иван Аржаников халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp