«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГЕКТАРЫНАН – 21 ЦЕНТНЕР “Агроном-Тайыншаның” көрсеткіші осындай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл мол астыққа кенелген “Агроном-Тайынша” ЖШС диқандарының  көңілдері көтеріңкі. Уақытты тиімді пайдаланудың, агротехникалық шараларды қатаң сақтаудың арқасында бұл шаруашылық бидайдың әр гектарынан 21 центнерден өнім алды. 

 Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

 

Бұл – серіктестік басшысы Ж. Ғабдуллиннің орасан зор еңбегінің жемісі. Оның игі бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүрген агроном В.Архипенко, механизаторлар А.Губанов, П.Щербатюк, И.Щербатюк, Ә.Жағыпаров, Н.Дудковский, О. Ахралович, Е.Ахметов және А. Ғабдуллиннің ерен еңбегін ерекше атауға болады.

Ауа райының қолайлы әр сағатын тиімді пайдалануды мақсат тұтқан диқандар өздерінің күндік межелерін асыра орындап, ерекше белсенділік танытты. Келер жылдың тұқым қоры да биылғы жылы пайдалануға берілген жаңа қоймаларға толық құйылып алынды.

Шаруашылықта осызаманғы жоғары өнімді техникалар, оның ішінде “Қазагрофинанс” арқылы лизингке алынған “Аcros-580” комбайны науқан барысында өнімділігін байқатты.

Осылайша биылғы орақ науқанын ұйымшылдықпен атқарған серіктестік мал өсіруге де бетбұрыс жасап отыр.

 

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp