«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Гүл-көше

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Талшықта бір көше бар,
Жатқандай  болып гүл базар.
Келсе де салқын күз айы.
Көргенде көзің қызығар.
Өскен гүлдер жайқалып,
Келгендей көктем айналып.
Қайтасың гүл-көшеден,
Тынысың кеңіп,  дем  алып.
Өтсе  де  жаздың  күндері,
Өзгермеген түрлері.
Қызыл,  жасыл, ақ, сары,
Әдемі әлі  гүлдері.
Бұл көшеде  жүреді,
Қосылғандар жүрегі.
Махаббатың  бесігі,
Гүл-көше деп  біледі.
Махаббаттың көшесі,
Гүл- көше бұл  деседі.
Күз болса  да,  сол жерден
Көктем лебі  еседі.
 
Ибрай ИЛЬЯСОВ.
 
Талшық ауылы,
Ақжар  ауданы.
 
Суретті түсірген 
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp