Мұса ТАНАҚҰЛОВ,
“Жас Отан” жастар қанаты СҚФ атқарушы хатшысы.
“Жас Отан” жастар қанаты белсенділері жыл сайын облыс орталығындағы көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға көмек қолын созып, отын-суын тасып, аулаларын тазалап, үй шаруасында көмек көрсетуді игі дәстүрге айналдырған.
Үстіміздегі жылы да “Ардагерлерді ардақтайық!” атты жастар акциясы барысында қала жастары игі іске бір кісідей атсалысып, қарттардың алғысын алған болатын. Бұл жолы да қолға алған ісімізді ұмыт қалдырған жоқпыз. Игі шараға қатысуға ниет білдірген жастар үш топқа бөлінді. Бірінші топ облыс орталығының Котовский көшесіндегі №15 үйде тұратын 86 жастағы педагогика еңбегінің ардагері Александра Бахмацкаяға, екінші топ Маяковский көшесі, №47 мекенжайы бойынша тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Брахициннің үйіне барып, егде адамдарға үй шаруасында көмек қолын созды.
Қариялардың амандығын білген соң, жастар жұмысқа кірісіп кетті. Қарттардың аулаларын тазалап, қысқа дайындаған отындарын жарып, оны қажетті орындарына үйіп берді.
Ардагерлердің алғыстарына ие болған жастар қыс мезгілінде Александра Нефедовнаның ауласындағы қарын тазалап, көктемде қияр, қызанақ өскіндерін отырғызған еді.
Ал үшінші топ Петропавл қаласының көшелерін аралап, жолда кезіккен қарттарды мейрамдарымен құттықтап, гүл сыйлады.