«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛҒЫРТТЫҚТЫҢ САЛДАРЫ САН СОҚТЫРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жазира ҚОЖАХМЕТОВА,

облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының маманы.

Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейту, талай адамның өмірін жалмаған “тілсіз жауды” тізгіндеу мақсатында Солтүстік Қазақсан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент және облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері өрт шығу қаупі жоғары көктем және күз маусымдарын қамтитын іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруда тізе біріктіріп, алдын алу шараларына жұмылдырылған болатын. Үстіміздегі жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында өткен айлықта облыс бойынша тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі басты назарға алынды.

ТЖД қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардың бірлескен алдын алу шаралары кезінде облыс орталығы мен аудандардағы 1010 жеке аула қамтылып, жаднамалар таратылды, әлеуметтік тәуекел топтарына, яғни зейнеткерлерге, аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ белгілі тұрағы және жұмыс орны жоқ адамдарға көңіл бөлуге бағытталған 70 рейд жүргізілді. Тұрғындармен әңгімелесу барысында өрттің алдын алу, жою және өрт болған жағдайда әрекет ету мәселелеріне басты назар аударылды.

Айлық барысында белгілі болғанындай, үйлерінде бірнеше рет өрт орын алса да, баспана тұрғындары өрттің шығу салдарын жоюды қаперлеріне де алмаған. Осындай салғырттықтың кесірінен адам өліміне әкеліп соқтырған бақытсыз оқиғалар әлі де орын алуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp