«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ФРАНСУА ФИЙОН мен ХОСЕ МАРИЯ АСНАРДЫ және…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Франция экс-Премьер-министрі Франсуа Фийонды қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ оны келешекте арттыру үшін елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Франция тауар айналымының көлемі жөнінен Еуроодақ елдері арасында Қазақстанның ірі серіктесінің бірі болып саналатынына да тоқталып өтті. Атап айтқанда, бүгінде экономиканың түрлі салаларында 25 бірлескен кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыруда.

Бұған қоса, кездесуде екі елдің іскер топтары арасында өзара іс-қимыл аясын кеңейту бағытындағы одан арғы қадамдар қаралды.

***

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII KazEnergy Еуразиялық форумына қатысу үшін келген Испания Корольдігінің экс-Премьер-министрі Хосе Мария Аснарды қабылдады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері мен екі елдің бизнес-қоғамдастықтары арасындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейтудің келешегі талқыланды.

… СЕРІК АХМЕТОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады.

Кездесуде Серік Ахметов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындысы, сондай-ақ өңірлердегі жиын-терін науқанының барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті бұл мәселе таяу уақытта өтеді деп жоспарланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында да талқыланатынын атап өтті.

– Міндет – жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтау. Бұл, әсіресе, әлемде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарды ескергенде өте маңызды. Қысқы маусымға лайықты дайындықты қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жылын табысты аяқтап, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қарастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серік Ахметов 9 ай ішінде 5,7 пайызды құраған жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы хабардар етті.

– Инфляция биылғы жылы болжамды күйінде тұр. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 6 пайыз деңгейінде болады деп отырмыз. Астық жинау науқанының аяқталуына қатысты айтсақ, жауын-шашынға байланысты Ақмола облысында ғана жиын-терін жұмысы аздап тоқтап қалды. Жалпы, бүгінде бункерлік салмағы 18,5 миллион тонна астық жинап алынды. Аптаның соңына дейін өңірлер жиын-терінді аяқтайды. Нәтижесінде биыл бункерлік салмағы 20 миллион тонна шамасында астық жиналып алынатын бола ды, – деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp