Ауыл шаруашылығы – облысымыздың негізгі саласы. Сондықтан да өндірістегі бақытсыз жағдайлардың басым бөлігінің осы салада тіркелетініне таңдануға болмайды. 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс аумағында өндірісте 38 бақытсыз жағдай тіркеліп, 4 адам қаза тапты, ал зардап шегушілердің қалғандары әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. 9 оқиға немесе 24 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды. Адам өмірі қиылған оқыс жайттардың 75 пайызы осы салада орын алды.
Болат МҰҚАШЕВ,
облыстық мемлекеттік еңбек
инспекциясының инспекторы.
Ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбеккерлер әртүрлі машиналарды, механизмдерді және құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, сан алуан ауыл шаруашылығы, жүк тиеу-түсіру, көлік жұмыстарын атқарады, алқапта, фермаларда, құс фермаларында, жылыжайларда және басқаларында жұмыс істейді. Механизаторлар сонымен бірге тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге өздері де қатысады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің айрықша ерекшелігі – ондағы жұмыстардың маусымдылығы. Осыған байланысты қысқа мерзім ішінде (екі аптадан екі айға дейін) ауыл еңбеккерлері “Жаздың бір күні – жылға азық” қағидатын басшылыққа ала отырып, әртүрлі жұмыстар атқарады.
Өндірістегі жарақаттар статистикасы көрсетіп отырғанындай, 2013 жылдың бірінші жарты-жылдығындағы өндірістегі бақытсыз жағдайлардың себептері мынадай: өндірістік жұмыстардың қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы, еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне үйретудің кемшілігі, қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерінің сақталмауы, жарамсыз машиналарды, механизмдерді және құрал-жабдықтарды пайдалану, тағы басқалары.
Мысалы, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бағытындағы кәсіпорны “Янтарь – 98” ЖШС-інде “К-700 А” тракторына жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде механизатор А.Буров қаза болды. Адам шығынына әкелген аталмыш бақытсыз жағдайға зерттеу жүргізу барысында анықталғандай, оның себептері мыналар:
– жарамсыз машиналарды, механизмдерді және құралжабдықтарды пайдалану (тергеу жарамсыз жүк көтеру механизмін пайдалану фактісін анықтады);
– жұмыс берушінің тарапынан қауіпсіздік және еңбек қорғау ережесінің бұзылуы (арнайы оқытылмаған тұлғалардың жүккөтергіш машинасын басқаруға жіберілуі);
– қауіпсіз еңбек тәсілдеріне үйретудегі кемшілік (зардап шегуші қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытылмаған);
– өндірістік жұмыстардың қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы. Атап айтқанда, жұмыс беруші жүккөтергіш машиналарының, кран жолдарының, ағытылатын жүк қаусырғыштары мен орамаларының кезеңдік байқауларын, техникалық қызмет көрсетілуін және жөндеулерін, сондай-ақ олардың жарамды жағдайда ұсталуын қамтамасыз ете алмаған; жүккөтергіш механизмдердің өндірістік бақылауы туралы ереже жасалмаған, жүк көтеру жұмыстарының технологиялық регламенті болмай шықты.
Бақытсыз жағдайды арнайы зерттеу жөніндегі комиссия көрсеткен себептер жұмыс берушінің және лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы заңнамасы талаптарын бұзғанын, мұның аяғы еңбеккердің – бес баланың әкесінің өліміне әкеліп соқтырғанын көрсетті. Кәсіпорын зардап шегушінің отбасысына келген залал өтемін төлейді. Сот шешімі бойынша қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарына сәйкес келмейтін өндірістік цехтарды пайдалануға тыйым салынды. Осы мысал етілген жағдайдың жалғыз емес екендігін айтқым келеді.
Мұндай зардаптарға ұрынбауға болады, сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшыларының (құрылтайшыларының) назарын қауіпсіздік және еңбек қорғау саласында қаржы үнемі саясатының жүрмейтініне, оның ақыр соңында зор қосымша шығын шығаратынына (мысалы, бақытсыз жағдайда) аударғым келеді. Егер жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы заңнамасы талаптарын бұлжытпай орындайтын болса, өндірістегі бақытсыз жағдайлар қайталанбайды.