«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Салық департаментінде Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, оған салық қызметінің ардагерлері шақырылды.

Жиналғандар алдында департамент басшысының орынбасары Анар Адиева құттықтау сөз сөйледі. Онда ол салық қызметінің қалыптасуына айтарлықтай үлестерін қосқан салық қызметінің ардагерлеріне алғыс сезімін білдірді.

Облыстық салық қызметінің ардагерлері комитетінің атынан сөз алған Зияда Бекназарова әріптестерін осы мереке күнімен құттықтап, өздеріне осындай қошемет пен құрмет көрсетіп отырған департамент қызметкерлеріне рақметін айтты.

Жиынның салтанатты бөлімінен кейін Салық департаменті ардагерлерінің барлығына ақшалай сыйлықтар тапсырылды, ал одан соң мерекелік дастарқан жайылды.

Сол сияқты, Қарттар күнінің құрметіне департаментте қайырымдылық сенбілігі өткізілді, одан жиналған қаржының 50 пайызы облыстық ардагерлер қорына аударылды.

Облыстық Салық департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp