«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.10.2013

ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ ИГІЛІГІН КӨРДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша шағын кредит алып, өз ісін алға бастырып отырғандардың бірі – Мамлют ауданының Становое ауылындағы Нина Сюникаеваның шаруа қожалығы. Небары 270 гектар егістік жерге иелік етіп, оның 150 гектарына бидай және 50 гектарына арпа өсіріп, сондай-ақ 250 бастан астам қой ұстап отырған отбасылық шағын шаруа қожалығына …

ИСЛАМ ДАМУ БАНКІНІҢ ИГІЛІГІН КӨРДІ Read More »

ДАҒДАРЫСТЫҢ ӘСЕРІ ӘЛІ ДЕ СЕЗІЛЕДІ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Далластың Федеральдық резервтік банкінің (ФРБ) сарапшылары америкалық экономиканың 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс салдарынан келген шығындарын есептеді. Олардың баяндамасына сәйкес, қаржылық дағдарыстан келген шығындар бағалымында көзге түсерліктей ауытқушылықтар бар. Сөз 6-дан 14 трлн. долларға дейінгі сома туралы болып отыр. Осындай бағалым жағдайындағы қаржылық дағдарыс әрбір америкалыққа 50-ден 100 мың долларға дейін салмақ …

ДАҒДАРЫСТЫҢ ӘСЕРІ ӘЛІ ДЕ СЕЗІЛЕДІ Read More »

ӨЗ ҚҰСЫМЫЗДЫҢ ЕТІНЕ ҚАЙТСЕК ҚАРЫҚ БОЛАМЫЗ?

Ақан ЖҮНІСОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, Руслан ШӘРІПОВ, Қазақстан Құс өсірушілер одағының президенті. Соңғы жылдары елімізде құс шаруашылығы қарқынды дамып, өркендеуде. Жылдан-жылға құс басы көбейіп, бұл саладан өндірілетін өнім көлемі де өсіп келеді. 2000 жылдан 2012 жылға дейін құс басының саны 70%-ға өсіп, жұмыртқа өндіру – 3,7 млрд. данаға, ет өндіру 74%-ға ұлғайып, қазіргі уақытта …

ӨЗ ҚҰСЫМЫЗДЫҢ ЕТІНЕ ҚАЙТСЕК ҚАРЫҚ БОЛАМЫЗ? Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

Кемеңгер ӘМРИН, “ЗТМО” РМҚК СҚОФ директоры. “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының №105-V Заңы 2013 жылғы 2 шілдеден бастап өз күшіне енді. І. Заңға енгізілген өзгерістердің ең көп талқыланғаны әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғайтылуы болып табылады. Заңмен зейнет жасын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 жыл бойы жылына алты айдан кезең-кезеңмен көбейту көзделген. Сөйтіп, әйелдер …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР Read More »

ЖАСТАР ҚАРТТАРҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Мұса ТАНАҚҰЛОВ, “Жас Отан” жастар қанаты СҚФ атқарушы хатшысы. “Жас Отан” жастар қанаты белсенділері жыл сайын облыс орталығындағы көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттарға көмек қолын созып, отын-суын тасып, аулаларын тазалап, үй шаруасында көмек көрсетуді игі дәстүрге айналдырған.   Үстіміздегі жылы да “Ардагерлерді ардақтайық!” атты жастар акциясы барысында қала жастары игі іске бір кісідей атсалысып, қарттардың алғысын …

ЖАСТАР ҚАРТТАРҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ Read More »

ӨЗ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕДІ

Облыстық Салық департаментінде Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты жиын өтіп, оған салық қызметінің ардагерлері шақырылды. Жиналғандар алдында департамент басшысының орынбасары Анар Адиева құттықтау сөз сөйледі. Онда ол салық қызметінің қалыптасуына айтарлықтай үлестерін қосқан салық қызметінің ардагерлеріне алғыс сезімін білдірді. Облыстық салық қызметінің ардагерлері комитетінің атынан сөз алған Зияда Бекназарова әріптестерін осы мереке күнімен құттықтап, өздеріне …

ӨЗ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰРМЕТТЕДІ Read More »

Автокөліктерді ЕУРО-4 экологиялық стандартымен сертификаттау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 ақпандағы №97 қаулысымен биылғы 1 шілдеден бастап ҚР аумағында ЕУРО-4 экологиялық стандарты енгізілді. Осы уақыттан бастап ҚР аумағына ЕУРО-3 және одан төмен экологиялық стандарттағы автокөлік құралдарын әкелуге (тіркеуге) тыйым салынды. Алайда, Қазақстан Республикасы аумағына әкелінген, бірақ 4-класс бойынша бекітілген талапқа жауап бермейтін автокөліктерді декларациялау мәселесі бойынша жеке тұлғалардан өтініш …

Автокөліктерді ЕУРО-4 экологиялық стандартымен сертификаттау Read More »

БҰРЫНҒЫ БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚАЙТАРЫЛЫП БЕРІЛЕДІ

Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Аумалы-төкпелі заманның салқыны тиіп, балабақша болып талай жыл істеп келген бұл екі қабатты ғимарат кейін Петропавл қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі болып шыға келді. Сөйтіп, тағы бір балабақшаның жанында естілетін балалардың шат күлкісі сап тыйылды. Биыл аталған ғимарат бүлдіршіндер игілігі үшін қайтарып алынды. Казахстанская правда көшесі №35 мекенжайда орналасқан …

БҰРЫНҒЫ БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРГЕ ҚАЙТАРЫЛЫП БЕРІЛЕДІ Read More »

АТА-АНАЛАР РАЗЫ

Кенжегүл ЖАҚЫПОВА, №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің бастауыш сынып мұғалімі. №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде 2009 жылдан қазақ тілінде оқытатын сыныптар көбеюде. Бүгінгі таңда аталмыш мектепте мемлекеттік тілде 6 сынып, бір мектепалды даярлық тобы, шағын орталық жұмыс істеуде.   Мектебіміздің директоры міндетін атқарушы Зура Ыбыраева оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл идеяларды енгізуге көптеген ғылыми ізденістер жасап, мұғалімдердің шығармашылық дамуына …

АТА-АНАЛАР РАЗЫ Read More »

“ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕЙІК!”АПТАЛЫҒЫ

Фархат ТАСТАМБЕК,“Болашақ журналист” клубының жетекшісі. Қазақ мектеп-гимназиясының директоры Гүлжан Жақанованың бастамашылығымен аталмыш білім ордасында “Болашақ журналист” клубы ашылды. Тілдер фестивалі аясында клуб мүшелері ерекше эксперимент жасады. Оған 4 оқушы ерікті түрде қатысты. Тапсырма бойынша олардың әрқайсысы мектепте, мүмкіндігінше үйде де, түзде де қазақтармен тек қазақша сөйлесуге тырысты. Біздің басты мақсатымыз қазақша білетін, бірақ орысша сөйлесетін …

“ҚАЗАҚША СӨЙЛЕСЕЙІК!”АПТАЛЫҒЫ Read More »

ШАЛАҚЫНДЫҚТАР ЖАҢА ЕМХАНАНЫ ЖҮР КҮТІП…

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Шал ақын ауданының орталығында салынып жатқан 250 орындық емхана алдағы жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде. Екі қабатты, астында “Жедел жәрдем” көліктерін қоятын кең жертөлесі, маңында қажетті шаруашылық қосындары бар нысанның жалпы аумағы 2400 шаршы метрді құрайды. Онда құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан мердігер – “Ақниет-Астана” ЖШС. – Тапсырыс берушінің …

ШАЛАҚЫНДЫҚТАР ЖАҢА ЕМХАНАНЫ ЖҮР КҮТІП… Read More »

БІРЛЕСКЕН НАУҚАН БАСТАЛДЫ

Beeline Қазақстан компанияның барлық абоненттері үшін “Одноклассники” желісімен бірлескен “Мобильді “Одноклассники”-ді қолданғаныңыз үшін бонустық SMS” науқанының басталғанын хабарлайды. Науқанға қатысу үшін 27 қыркүйек пен 27 қазан аралығында “Әлеуметтік желілер топтамасы” қызметін қосу қажет. Қызметті қосқаннан кейін m.odnoklassniki.ru ресурсында немесе мобильді қосымшаларда 5 Мб пайдаланған жағдайда абонентке желі ішінде жолдауға арналған 10 SMS сыйға беріледі. Бонустық …

БІРЛЕСКЕН НАУҚАН БАСТАЛДЫ Read More »

ҚАУІПСІЗДІКТЕН ҮНЕМДЕУГЕ БОЛМАЙДЫ

Ауыл шаруашылығы – облысымыздың негізгі саласы. Сондықтан да өндірістегі бақытсыз жағдайлардың басым бөлігінің осы салада тіркелетініне таңдануға болмайды. 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында облыс аумағында өндірісте 38 бақытсыз жағдай тіркеліп, 4 адам қаза тапты, ал зардап шегушілердің қалғандары әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. 9 оқиға немесе 24 пайызы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды. Адам өмірі қиылған оқыс жайттардың …

ҚАУІПСІЗДІКТЕН ҮНЕМДЕУГЕ БОЛМАЙДЫ Read More »

ЭЛЕКТР мен ПЕШТЕН өрт неге шығады?

“Өрт – тілсіз жау” деп тегін айтылмаған. От материалдық құндылықтарды, тұрғын үйлерді жалмайды, адамдарды қайғылы қазаға ұшыратады. Ондай оқиғаларға көбіне үй иелері себепкер болып жатады. Серік ШӘРІПОВ, СҚО ТЖД Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының аға инженері. Биылғы 9 айдың ішінде облысымызда 478 өрт болып, одан 257 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 35 адам қаза …

ЭЛЕКТР мен ПЕШТЕН өрт неге шығады? Read More »

АЙҒАНЫМ ХАНША ҚОНЫСЫНДА

Саумалкөл ауылын жиектеп өтетін айналма жолмен әрі асып, сүт пісірімдей уақыт жүрген соң қамшылар жақ иықтан Сырымбет тауы көрінді. Асқары көк тіреп, құзар шыңдары қазбауыр бұлттың желкенін жұлмаламаса да, атақ-даңқы әлемге мәшһүр тау. Білетіндердің айтуына қарағанда, географиялық өлшем есебімен тау санатына да жатпауы мүмкін. Әйтсе де, бауырынан жақсылар түлеп ұшқан, ұл-қызы даңқын төрткіл дүниеге мәлім …

АЙҒАНЫМ ХАНША ҚОНЫСЫНДА Read More »

ОН ТӨРТ ҮЙДІҢ ОТТАРЫ ӨШПЕСЕ ЕКЕН

Облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің редакциясына Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылының тұрғыны Зейнелғали Кенжеғалиев Мәдениет ауылының бүгінгі ахуалын баяндаған хат жолдаған еді. Соған орай аталмыш ауылға барып, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстық. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Мәдениет ауылы – Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты елді мекен. Аудан орталығынан 110 шақырымдай жерде орналасқан ауыл болашағы жоқ елді мекеннің …

ОН ТӨРТ ҮЙДІҢ ОТТАРЫ ӨШПЕСЕ ЕКЕН Read More »