«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК АДАМЫНА ЖАНАШЫР ҰЙЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл кәсіби мереке 2011 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңесінің шешімімен белгіленген.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Мереке қарсаңында облыстық кәсіподақтар кеңесінде аталмыш іс-шара аясында кездесу ұйымдастырылды. Оған осы салада көптеген жылдар бойы қажырлы еңбек еткен ардагерлер, өңіріміздегі кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелері қатысты. Көпшілік алдында сөз алған мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымы филиалының төрайымы Валентина Обложок атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

– Кәсіби мерекені біз осымен үшінші рет атап өтіп отырмыз. Дегенмен де, бұл жүйенің жұмысы көптеген жылдар бойы жалғасын тауып келеді. Атап өту керек, қоғамда кәсіподақтың алар орны ерекше. Кәсіподақтың негізгі мақсаты – еңбек адамына лайықты жағдай жасауға көмектесу. Атап айтар болсақ, түрлі әлеуметтік жеңілдіктер, денсаулықты арттыру үшін материалдық көмек, қосымша демалыс, біржолғы көтермелеу төлемдері және де түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда кәсіподақтың рөлі басым. Ауқымды кеңейту үшін тұрақты түрде еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, кәсіби, білім, денсаулық, мәдениет салаларының даму мәселелері жөнінде бірлесіп жұмыс атқарамыз.

Бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің ұйымның тұрақты жұмыс істеуіне ерекше мән беріп отыр. Осы ретте жақын арада қаралатын “Кәсіподақтар туралы” жаңа заң жобасына ерекше үміт артып отырмыз. Қазірдің өзінде аталмыш жобаға 36 өзгеріс пен ұсыныс жазып жібердік. Жаңа заңнама кәсіподақтың құлашты кең жая жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады деп күтеміз, – деді төрайым.

Кездесу соңында кәсіподақтың белсенді мүшелері Құрмет грамотосымен және Алғыс хатпен марапатталып, кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp