Алматыда кәсіпқой велошабандоздардың 186 шақырымдық “Алматы велотуры” өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Иран, Австрия, Украина, Латвия, Польша, Ирландия, Франция, Нидерланды, АҚШ елдерінен 11 құрлықтық, 4 ұлттық, 3 кәсіпқой құрлықтық, 1 аймақтық, 1 клубтық команда – барлығы 109 спортшы қатысты.
Қарсыластарының арасынан суырылып шығып, мәре сызығын бірінші болып кескен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Максим Иглинский жарыс жеңімпазы атанды. Ал Италияның “BARDIANI VALVOLEe – CSF INOX” кәсіпқой құрлықтық командасынан Сони Кол Брилли күміс алса, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері: солтүстікқазақстандықтар Руслан Тілеубаев – қола жүлдегер, Александр Луценко “Ең үздік спринтер” атағын иеленді.
(Өз тілшімізден).