«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭНЕРГЕТИКТЕР ӘУЛЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, 
“Солтүстік Қазақстан”.
Петропавлдық Александр Фомин – өңірдің энергетика жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан әулеттің үлкені. Осы са-лада 44 жыл үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ол зейнеткерлік жасқа жақындаса да, бойындағы күш-қуатын сақтаған, ең-бекке жастайынан шыныққан адам екенін бірден аңғартады.
Александр Николаевич әр үйге жарық пен жылу беретін кәсіпорынның табалдырығын аттаған кезде 18-ге аяқ бас-қан жас жігіт еді. Ол өзінің осы мамандыққа мойын бұруын кездейсоқтық санамайды: “Мен оқыған мектеп энергетик-тердің қамқорлығында болатын-ды. Сондықтан оның әкімшілігі бізді кәсіпорынға жиі шақыратын. Сөйтіп мені осы жүйе қатты қызықтырды. Кейін мамандық таң-дайтын күн туған кезде ойланбастан осы саланы таң-дадым”,  – дейді  тәжірибелі энергетик.

Ол 1968 жылы училище бітірген соң бүгінгі “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамына жұмысқа орналасады. Ал отбасы құрғаннан кейін зайыбы Галина Ивановна да аталмыш кәсіпорында жұбайымен иық тірестіре еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шыққан. “Атадан ұл тумас па, ата жолын қумас па” дегендей, Александр Николаевич сол кезде өзінен тарайтын екі ұлы мен қызы да осы салада еңбек етеді десе, сенбес еді. Оның әкесі Николай Иванович та облыс орталығындағы ЖЭО-1 кәсіпорнының құрылысына үлкен үлес қосып, темір жол бойында ұзақ жыл еңбек еткен жан. Александр Николаевичтің қарындасы Лидия Николаевна да осы салаға өз таңдауын жасап, зейнеткерлікке шыққанға дейін темір жол техникумындағы энергетика факультетінде дәріс берген. Бүгінгі таңда Фоминдер отбасысының энергетика саласындағы еңбек өтілінің жалпы жиынтығы 125 жылды құрайды. Бұл Александр Николаевичтің әкесі мен қарындасының еңбек өтілдерін қоспағанда.

Александр Николаевич егіз ұлдары Сергей мен Юрийді талай рет өзімен бірге жұмыс басына ертіп әкелудегі мақсаты олардың мамандық таңдауына араласу емес, қалай еңбек ететіндігін көрсету болыпты. “Балаларымның тағдырына мен ешқашан араласқан емеспін. Олар менің еңбек жолымды үлгі тұтты, бірақ мамандықта өз таңдауларын жасады. Сол сияқты қызым мен күйеу балам да осы кәсіпорында еңбек етсе, ол да – өз шешімдері”, – дейді әке.

Сергей мен Юрий әкесін өкшелеп, оның тағдырының кейбір тұстарын қайталап келе жатқандарына разы. Олар да әскер қатарынан оралған соң осы кәсіпорынға келіп, оның жолдамасымен ауыл шаруашылығы техникумында оқып, 1995 жылы электр дәнекерлеуші мамандығы бойынша еңбек жолдарын бастаған. Бүгінде Сергей кәсіпорынның қосымша стансасы қызметінің басшысы болса, Юрий шебер болып еңбек етеді. Қазіргі таңда олар – әкелерінен де көп білетін, одан да тәжірибелі мамандар. Бұрын әкесі ақыл-кеңес берсе, бүгінгі жұмыс барысында әке баладан ақыл сұрауға мәжбүр.

– Соңғы жылдары кәсіпорында жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осыдан 40 жыл бұрын біздің еңбек еткен ортамызды қазіргімен салыстыруға тіпті келмейді. Бұрын энергетика құрал-жабдықтары сала-құлаш, әрі ауыр болса, ал қазір бір адам ғана көтере алатын құрылғы қаншама жұмысты автоматты түрде атқарады, – деп Александр Николаевич өзінің таңғалысын білдіреді.

Сергей мен Юрийдің міндеті қосымша стансалардың қызметін қадағалау, трансформаторларды жөндеу және олардың сапалы қызметін қамтамасыз ету болып табылады. Ал олардың қарындасы Оксана электр құрал-жабдықтарын жөндеу бөлімінде еңбек етеді.

– Біз отбасымызбен дастарқан басында жиі кездесеміз. Сондағы ортақ тақырыбымыз – әрине, ортақ кәсібіміз. Мен әкем еңбек ететін жерде 20 жыл жұмыс істеймін. Оның керемет бір қасиеті – ешқашан әкелік өктемдігін танытып, жұрттың көзінше ұрыспайды. Біздің жақсылығымызды көрсе, оның қуанып тұрғандығын жымиған күлкісінен аңғарамыз. Ал кәсіпорын аумағынан кеткен соң біз де әкелі-балалы болып, әңгімеміз жарасады. Әкем бір нәрсені үйреткен кезде сабырлы, түсінікті жеткізеді. Сондай-ақ әр істің нәтижелі болғанын қалайды. Біз оны бала кезден түйсініп өстік, – дейді Сергей Александрович.

Сергейдің түрі де, мінезі де әкесіне ұқсайтындай. Ең бастысы, оның үйренуге, білуге деген құмарлығы 40-қа таяған жігітті тоқтатар емес. Сергей Александрович Санкт-Петербург қаласындағы энергетиктердің арнайы курсынан келген соң М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің энергетика факультетіне түсіп, бүгінде екінші курста оқып жүр.

– Мен балаларыммен бірге бір кәсіпорында болсам да, олардың жұмыстарына араласпаймын. Бүгінде Сергей – менің басшым, бірақ ол жұмыста маған әкем екен деп жеңілдік жасамайды. Жұмыс өз тәртібімен атқарылады. Бұл – үлкен жауапкершілікті қажет ететін еңбек ортасы. Сондықтан жұмысқа сүйіспеншілік болмаса, оны атқару да жеңіл болмайды. Бүгінде әр балам өмірден өз орнын тапты деп мақтанышпен айта аламын, – деді Александр Фомин. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp