«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ДИҚАНДАРЫНЫҢ ТОЛЫМДЫ ТАБЫСЫ Өңір егіншілері 5 миллион тоннадан астам астық жинады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының 11 қазанға дейінгі жедел деректері бойынша дәнді дақылдардың 3471,3 мың гектары немесе 97,1 пайызы жинап алынды. Құт қамбасына 5066,8 мың тонна алтын дән құйылып, облыс егіншілері межелеген белестің биігінен көрініп отыр. Биылғыдай күрделі жыл үшін гектар шығымдылығының орта есеппен 14,6 центнерден айналуы – толымды табыс. Өткен жылы осы кезеңде гектар басынан орта есеппен 12,8 центнерден өнім алынған.

Озық егіс технологияларымен және жоғары егіншілік мәдениетімен ерекшеленетін М.Жұмабаев ауданының диқандары 17,0 центнерлік шығымдылыққа қол жеткізіп отыр. Қашанда олармен үзеңгілес түсетін қызылжарлық диқандар да танап шығымдылығын 16,8 центнерден айналдырып, зор мерейге бөленуде. Орақтың соңына таман нағыз диқандық шеберліктерін танытқан Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның егіншілері жүз пұттық белесті бағындырып, бүгінде 16,3 центнерлік көрсеткішпен көш басындағы үштіктің қатарына енді. Ал 11,1 центнерден ғана өнім алып жатқан Тимирязев ауданында астық шығымдығылы ең төмені болып отыр.

Соңғы күндері майлы дақылдар жинаудың да қарқыны күшейе түсті. Кешегі күнге дейін 356,0 мың гектар алқаптың немесе барлық майлы дақылдардың 81,1 пайызы орылды. Орылып алынғаны – 221,0 мың гектар, бұл 50,3 пайызды құрайды. Әзірге орташа танап шығымдылығы 12,6 центнерден айналуда.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp