«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРШЫ АЛАҢДА – АРДАГЕРЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарттар күніне орай “Динамо” стадионында волейболдан жарыс өтті. Аталмыш додада ішкі істер органдарының ардагерлері кездесіп, волейбол ойынынан бақ сынады.

Сайысқа 4 құрама қатысты. Олар – Жол полициясы басқармасы, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы және Ішкі істер департаменті құрамалары. Сайысқа қатысушылардың көбінің жасы 60-тан асса да, әр команда жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Олардың бірқатары – офицерлерден құралған спорт клубының мүшелері. Сондықтан алаңда жарыс қызу өтті. Дегенмен де, жол полициясының ардагерлерінен озар команда табылмады, сөйтіп, бұрынғы жол сақшылары бірінші орынды жеңіп алды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp