«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАЗПОЧТАҒА” – 20 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүниежүзілік пошта күні қарсаңында “Қазпочта” акционерлік қоғамының облыстық филиалы қазақстандық поштаның 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Петропавл қалалық Мәдениет үйінде өткен мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, пошта қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

– Сіздерді облыс әкімі Самат Ескендіровтің атынан қазақстандық поштаның 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Қазір “Қазпочта” жүздеген бөлімшелері мен мыңдаған қызметкерлері бар алып компанияға айналып отыр. Бүгіндері облысымызда бұл салада 113 пошта байланыс бөлімшесі қызмет етсе, онда 900-ден астам адам жұмыс істейді. Олар 700-ден астам елді мекенге, соның ішінде 600-ден астам ауылдық жерлерге қызмет көрсетеді. Жыл өткен сайын пошта жаңа заманға сай түрленіп, өзгеріп тұрады. Қазақстандық пошта хаттар мен сәлемдемелерді, газет-журналдарды жеткізуді ғана емес, әлемнің кез келген бұрышына ақша айналымдарын жасап, коммуналдық, салық және бюджеттік төлемдерді қабылдап, зейнетақы мен жәрдемақыны, несие мен еңбекақыны төлеу қызметтерін көрсете алады, – деген облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов бірқатар “Қазпочта” қызметкерлеріне өңір басшысының атынан Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды табыс етті.

Есіл аудандық пошта байланысы торабының аға нұсқаушысы Надежда Ионова мен “Қазпочта” АҚ СҚО филиалының пошта және қаржы қызметтерін сату бөлімінің басшысы Құралай Тәженова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Алғыс хат иегерлері: “Қазпочта” АҚ СҚО филиалының пошта технологиялары бөлімі басшысының орынбасары Елена Никлевич, “Қазпочта” АҚ СҚО филиалының облыстық арнайы байланыс қызметінің фельдегері Олег Гордеев пен автокөлік учаскесінің жүргізушісі Мұхтар Баймұханов.

Қазақстандық пошта саласының қазіргі жай-күйін баяндаған “Қазпочта” АҚ СҚО филиалының директоры Сәкен Қиқымов әріптестерін мерекемен құттықтады.

Қызметінде белсенділік танытып, саналы өмірін осы салаға арнаған бірқатар пошташылар “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры мен “Қазпочта” акционерлік қоғамының марапаттарына ие болды. Пошташыларды өңірдің күміскөмей әншілері мен мың бұралған бишілері құттықтап, өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp