«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГРИША ЕНДІ ЕСТИ АЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Туғанынан құлағы естімейтін 8 жасар Гриша Гречкин “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының көмегімен сатып алынған есту аппаратының арқасында өз кемістігінен қиындық көрмейтін болды. 

Ептеп ести бастаған баланың қуанышында шек жоқ. Бұған дейін құлағына жетпеген дауысқа Гриша жалт қарайды. Өмір бойы естімеген дауысқа үйрену үшін ол облыстық балалар ауруханасында биылғы жылдың тамыз айында ашылған сурдология орталығында жаттығулардан тұратын арнайы ем-дом алуда. Бүгінгі уақытта ол мұндай емнің 7-еуін алған.

– Жаттығулар енді ғана басталды. Баланың жетістіктері жайында айту әлі ерте. Гриша қоршаған ортаға қайтадан бейімделуі тиіс. Оның бұдан өзге де сырқаттары бар. Аппараттың көмегімен ол енді қалада көліктің дыбысын ести алады. Бұл оны болашақта жол-көлік оқиғасынан сақтайды. Баланың дұрыс өмір сүруі үшін барлық мүмкіндікті пайдалану керек. Гришаның анасы сол мүмкіндікті қорықпай, пайдаланған ержүрек жан, – дейді орталықтың сурдопедагогі Оксана Рудакова.  

Қордан көмек сұраған Гришаның анасы Анна Гречкина қордың көмегіне риза. Ол қордан бөлінген 190 мың теңгеге Астана қаласындағы аудиоорталықтан есту аппаратын сатып алды. Соның көмегімен енді Гриша өзге қатарластары сынды әлемнің талай дыбыстарын өз құлағымен естуге мүмкіншілігі бар.

(Өз тілшімізден).

СУРЕТТЕ: Г. Гречкин және сурдопедагог О. Рудакова.

Сурет “Улыбка” балалар қайырымдылық қорынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp