«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ БАЛАНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәрсенбі күні түс ауа өрт байланысының орталық пунктіне Жамбыл көшесі, 12-үй мекенжайындағы екінші қабаттың екі бөлмелі пәтерінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Төтенше жағдай оқиғасы орнына бірден Петропавл гарнизонының екі техникасымен 12 өртсөндірушісі жедел жетті. Өртті ауыздықтау барысында пәтерден төрт жасар ер және екі жастағы қыз балалардың өлі денелері табылды. Сонымен қатар, осы балалардың 1961 жылы туған әжесі “тұншықтырғыш газбен уланған” диагнозымен №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен брифинг барысында осы өрт туралы бұқаралық ақпарат құралдарына мамандар оқиғаның мән-жайын баяндады.

Өртті көрші азамат байқап қалған. Ол осы пәтердегі бес жасар қыз бен бір жастағы ұл баланы алып шығаруға ғана үлгерген. Улы газға тұншығып қалған сәбилер бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Сәбилердің анасы бұл уақытта үйде болмаған. Сол азамат өртсөндірушілерге хабар берген. Осы үйден 12 адам мен 1 газ баллоны сыртқа шығарылған. Өрт сағат 17 кезінде толық сөндірілді, оның салдарынан 18 шаршы метр аумақ және жеке мүліктер күйген. Қазір өрттің шығу себептері мен материалдық шығын анықталуда.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp