«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРДЫҢ ӘН-БИІ – ҚАРИЯЛАРҒА ҚОШЕМЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні облыс орталығындағы Достық үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл шараны Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының “Бірлік” жастар бірлестігі ұйымдастырды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Қарттар күнінде дәл осындай концерт ұйымдастырып, дастарқан жаюды дәстүрге айналдырған жастар бірлестігі қарияларға көтеріңкі көңіл күйін сыйлауды өздерінің парызы санайды.

– Бұл шараның атауы – “Мейірімділік пен құрмет күні”. Оны өткізуге, өз өнерлерін көрсетуге барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдері ниет танытты. Осындай шараны ұйымдастыру арқылы жастардың үлкенге құрмет көрсету, сыйлау әдебін қалыптастыруды көздедік. Себебі, жас буын өз еркімен игі шараларға қатысқан сайын қариялар алдындағы жауапкершілікті айқын сезінеді, – дейді “Бірлік” жастар қоғамдық бірлестігінің өкілі Мария Чернышова.

Айтылғандай, сахна төріне бірінен соң бірі шыққан этномәдени бірлестіктер өкілдері өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттайтын әндерін шырқап, билерін орындады. Қарттық жайлы өлеңдер де оқылды. Ата мен әже атанған аға буын немерелерімен бірге жас бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp