«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕС МАРАФОНШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Таяуда Түмен қаласында тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған мүгедек спортшылар арасындағы мүгедектер қоларбасымен жарыстан халықаралық жартылай марафон өз мәресіне жетті. Аталмыш додаға 200-ден астам спортшы қатысты.

Бәсекелі жарыста өңір намысын қорғаған мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған “Үміт” спорт клубының мүшелері: халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Сергей Усольцев, Евгений Тетюхин және Олег Сысолятин жүлделі орындардан көрініп, алтын мен күміс алқа тағынып келді. Атап айтқанда, 21 шақырым 98 метр қашықтықты мүгедектер қоларбасымен 1 сағат 27 минутта бағындырған Сергей Усольцев мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал екінші орынға жайғасқан Евгений Тетюхиннің нәтижесі – 1 сағат 38 минут 45 секунд.

Ал тірек-қозғалыс мүшелері зақымданған мүгедек спортшылар арасындағы жартылай марафонға қатысқан жеңіл атлетикадан Қазақстан спорт шебері Олег Сысолятин белгіленген қашықтықты 2 сағат 1 минут 36 секундта жүгіріп өтіп, үшінші орынды еншіледі.

Облыстық Дене шынықтыру

және спорт басқармасының

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp