«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІРІЛЕНДІРІЛГЕН БАСҚАРМА алғашқы алқа мәжілісін өткізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ірілендіріліп, қайта құрылған облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы алғашқы кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен шараға облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, қалалық, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, өңірлік мәдениет мекемелерінің директорлары қатысты. 

Гүлбике КӨБЕНОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Жиында Мәдениет және өнер ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Тұрсынай Молдахметова “2013 жылғы 9 айдағы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметі” тақырыбында баяндама жасады. Бүгінде облыста 550 мәдениет және өнер ұйымы жұмыс істейді. Үстіміздегі жылы Тимирязев ауданының Москворецкое аулында – клуб, Тайынша және Жамбыл аудандарында – кітапханалар, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда балалар кітапханасы ашылған. Ауылдық кітапханаларды компьютерлендіру ісі жалғасын табуда. Бүгінгі күні 48 елді мекен Интернет игілігін көріп отыр. Биыл мәдениет саласының қызметкерлері Игібай Әлібаевтің – 110, Мағжан Жұмабаевтың – 120, Абылай ханның – 300 және Қожаберген жыраудың 350 жылдығын ұйымдастырды. Облыс дәрежесіндегі конкурстарды аудандарда өткізу бойынша бірқатар жұмыс атқарылған.  

Облыс мұрағаттарының жұмысы жайлы Мұрағаттар және құжаттамалар бөлімінің басшысы Алтынай Жүсіпова баяндады. Оның айтуынша, Ақжар, Мамлют, Тайынша және Қызылжар аудандарында мұрағат құжаттары мемлекеттік емес мекемелерде сақтаулы. Жеке ғимараттың болмауы салдарынан құнды дүниелерді жоғалту немесе бүлдіріп алу қаупі бар. Бұған қоса, кейбір аудандардағы мұрағаттардың шатырынан су өтіп, ғимараттар жылумен де дұрыс қамтамасыз етілмеген. Алтынай Жүсіпова барлық мұрағаттарға кондиционер орнату жөнінде облыстық әкімдіктен көмек сұрады.

Жиын барысында жаңадан құрылған басқарманың басшылық құрамы таныстырылып, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp