«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.10.2013

ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

Қалалық ІІБ №2 полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. №2 полиция бөлімінің жедел уәкілдері Жанат Бейсенбин, Нұржан Сызбаев пен бөлім бастығы Дулат Мұхаметрахымов соңғы кездері Жұмысшы кентінде жиілеп кеткен пәтер ұрлықтарын ашу барысында 27 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Бұл азамат ертеректе осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған. Жедел іздестіру …

ҰРЫ ҰСТАЛДЫ Read More »

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Петропавлда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат тарату тыйылмай тұр. Осы жолы 25 жастағы қалжыңқой мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылды деген жалған хабар таратып, жұртты дүрліктірді. Енді ол осы бейбастақтығы үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.    Облыс орталығындағы №2 орта мектебіне жарылғыш зат орнатылды деген хабар Ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығы …

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін Read More »

ҚОҚАН-ЛОҚЫ КӨРСЕТУМЕН келген олжа орға жықты

Облыс орталығының полицейлері 18 жастағы қыздың алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлаған қарақшыларды бір тәулік ішінде қолға түсірді. Түнгі клубтардың бірінде киімжайшы болып қызмет ететін бойжеткен жұмысынан соң үйіне қарай Уәлиханов көшесі бойымен келе жатқан. Осы сәтте ол ізіне түскен екі бейтаныс жігітті байқаған. Ер адамдар жаяу жүргіншіні қуып жетіп, аяғынан шалып құлатып, соққыға жыққан. Қарақшылардың …

ҚОҚАН-ЛОҚЫ КӨРСЕТУМЕН келген олжа орға жықты Read More »

БІР ЖЫЛ БОЙЫ – ЛИМИТСІЗ ИНТЕРНЕТ

Beeline Қазақстан USB модемдерді, планшеттерді және телефондарды қолданушыларға арналған “Интернет бір жыл тегін” қызметінің ашылғанын хабарлайды. Beeline Қазақстанның клиенттері қызметті қоса отырып, жыл бойы лимитсіз мобильді Интернетті тегін пайдалана алады. USB модемдер үшін: Қызметті қосу сәтінде қолданушыларға шексіз жылдамдықпен айына 10 Gb трафик беріледі. Қарастырылған көлем аяқталғаннан кейін, жылдамдық ай соңына дейін, секундына 64 кб. …

БІР ЖЫЛ БОЙЫ – ЛИМИТСІЗ ИНТЕРНЕТ Read More »

ТАЛАП КҮШЕЙСЕ, САПА ЖАҚСАРАДЫ

“Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты” РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі және Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Петропавлда Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған “дөңгелек үстел” өтті. Басқосуға мемлекеттік органдардың, орта және шағын бизнес кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Василий Чепухин стандарттау …

ТАЛАП КҮШЕЙСЕ, САПА ЖАҚСАРАДЫ Read More »

БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ – ҮЗДІКСІЗ ҮРДІС

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құру жұмысы қолға алынды. Балғаным ОСПАНОВА,   “Өрлеу” біліктілікті арттыру ҰО” АҚ “СҚО бойынша ПҚБАИ”филиалы Деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушысы. Үстіміздегі жылдың 10 қазанында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында сертификатталған мұғалімдердің …

БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ – ҮЗДІКСІЗ ҮРДІС Read More »

СВЕТЛАНА ТУРСУНОВА – ПОШТАНЫҢ ҮЗДІК ОПЕРАТОРЫ

“Солтүстік Қазақстан облысының Ауыл жастары одағы” корпоративтік қоры СҚО Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен “Мен кәсіпқой – 2013” жобасының аясында “Қазпочта” АҚ СҚО филиалында “Поштаның үздік операторы” байқауын өткізді.   Жастарды біріктіру, кәсіптік шеберлікті шыңдау, бос уақытты пайдалы өткізу және жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс 3 кезеңнен тұрды. Әрбір қатысушы бірінші кезеңде өзінің …

СВЕТЛАНА ТУРСУНОВА – ПОШТАНЫҢ ҮЗДІК ОПЕРАТОРЫ Read More »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АТАУЛЫ АҚШАЛАЙ ТАБЫСТАРЫ

Облыстағы тұрғындардың 2012 жылғы атаулы ақшалай табыстарының серпіні айлар бойынша тұрақты өсу беталысын алды.2012 жылы алдын ала есептеу бойынша облыс тұрғындарының жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 43 379 теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артық болды. Нақты ақшалай табыстары 2,6%-ға өсті.

ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы 2 тоқсанда шағын кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы 2012 жылғы 2 тоқсанмен салыстырғанда 21,6%-ға өсті.Шағын кәсіпорындардағы жұмыскерлердің орташа айлық жалақысы 2012 жылғы 2 тоқсанмен салыстырғанда 21,6%-ға өсіп, 2013 жылғы 2 тоқсанда 55 056 теңгені құрады.Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 75 315 теңге (шағын кәсіпорындардағы орташа облыстық деңгейден 36,8% …

ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ ЖАЛАҚЫ Read More »

ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШЫҒЫСТАРЫ

2013 жылғы 2 тоқсанда орташа бір адамға шаққанда қызмет көрсетуге жұмсалған шығыстары 17 717 теңгені немесе айына 5 906 теңгені құрады. Көрсетілген қызмет шығыстарының 35,9%-ы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге, тұрғынжайды жөндеу және күтіп ұстауға жұмсалса, 17,5 – көлік және байланыс қызметтеріне, 9,6 – білім қызметтеріне, 4,8 – денсаулық сақтауға, 2,4 – мәдени және бос уақытты ұйымдастыру …

ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ШЫҒЫСТАРЫ Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Қыркүйекте біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір адамға шаққанда орташа 17 840 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10 705 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7 135 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 15 523 …

2013 ЖЫЛҒЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ Read More »

“МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МҰҢЫН ТҮСІНДІК. ӘТТЕҢ, ҚОЛЫМЫЗ ҚЫСҚА…” дейді жастар жетекшісі

Үстіміздегі жылдың маусым айында “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы мен “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері Петропавл қаласының әлеуметтік қызмет көрсету нысандарында мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың мүгедек қоларбасымен кіріп-шығуына арналған баспалдақтар мен пандустардың бар-жоғын анықтау мақсатында рейд жүргізген еді. Осыған орай “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ-ның атқарушы хатшысы Мұса Танақұловты әңгімеге тартып, айлықтың нәтижесі жайында сұрадық. – Мұса …

“МҮГЕДЕКТЕРДІҢ МҰҢЫН ТҮСІНДІК. ӘТТЕҢ, ҚОЛЫМЫЗ ҚЫСҚА…” дейді жастар жетекшісі Read More »

ХАДИСТЕР

Ғылымның өлгені – есте сақталмағандығы, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені. * * * Қыздарды күйеуге беру жөнінде аналарымен ақылдасыңдар.

ХИКМЕТІ МОЛ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Аян АЛЫПҚАШЕВ, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы. Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Барша мұсылмандарға ұлық болған Құрбан айт мерекесі Алланың елшілері арқылы жүздеген жылдар бойы жалғасып келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинаға қоныс аударып келгенде жергілікті халықтың бұрыннан келе жатқан екі мерекесі бар еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол мерекелерінің мәнін білуге құмартты. Олар бұрынғы джаһилия кезінен бері осы …

ХИКМЕТІ МОЛ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ Read More »

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУҒА ТЫРЫСАМЫЗ

Аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту, заңнаманы сақтау және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясын мен басқарамын. Оның құрамында тағы 5 депутат бар: О. Қоңқабаев – төрайым орынбасары, комиссия мүшелері: Ғ. Аманжолова, М. Чекушева, А. Круч, Б.Түленов. Өз жұмысымызды біз аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына және депутаттық өкілеттіктерді орындау барысында қалыптасатын мәселелерге сәйкес жүргіземіз.  Замира РӘХИЕВА,   Есіл …

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУҒА ТЫРЫСАМЫЗ Read More »

АЛҒА ҰМТЫЛҒАН АЗАМАТ

Татьяна ФОГЕЛЬ, журналист. Бала кезінен ата-анасының еңбегі үлгі болған Сергей Руткаускас көпжылдық еңбек өтілі бар механизатор әкесінің жолын қуды. Ол Омбы автожол институтында инженер мамандығын меңгеріп, туған ауылы – Афанасьевкаға қайтып оралды. 1997 жылы, қиын кезеңде өзінің “Удача” шаруа қожалығын құрды. Оған, әрине, отбасысы көп демеу болды. Әуелі бидай өндіруден бастады. Қазіргі кезде майлы және …

АЛҒА ҰМТЫЛҒАН АЗАМАТ Read More »

ЕСІМІ – ЕҢ ҮЗДІК АДАМДАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНДА

Күлбаян ВАЛЕЕВА, Уәлиханов аудандық мәслихаттың бас маманы. Уәлиханов ауданының Қарасу ауылдық округіне қарасты Аққұдық ауылында “Сағындықов Ю.К.” ШҚ басшысы Ұйымшыл Сағындықов тұрады. Ұйымшыл Қабдуәлиұлы Бурабай ауыл шаруашылығы техникумын техник-механик мамандығы бойынша аяқтаған соң, 1985 жылы Аққұдық ауылына көшіп келді. 2001 жылы жары Баян Есләмқызымен бірге шаруа қожалығын ашты. Ол осы күнге дейін жұмыс істеп, жылдан-жылға …

ЕСІМІ – ЕҢ ҮЗДІК АДАМДАР ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНДА Read More »

АДАЛ ЕҢБЕГІМЕН АБЫРОЙҒА БӨЛЕНГЕН

Жайлы қарттықты егіні мол күзбен салыстыруға болады. Жаз кезінде құрғақшылық, жаңбыр мен дауыл жиі болып, көктемде еккен дақылды өсіру қиынға түседі, тек күз ғана берекелі өнім жинауға мүмкіндік береді, бұрынғы еңбегіңнің нәтижесін көрсетеді. Осындай күз мезгілінде Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаттың депутаты, аудандық пошта байланысының басшысы Дүйсентай Омаров зейнет жасына келіп отыр. Төлеген ӘБІЛМӘЖІНОВ, Мағжан Жұмабаев …

АДАЛ ЕҢБЕГІМЕН АБЫРОЙҒА БӨЛЕНГЕН Read More »

БӘРІ ДЕ БІЛІКТІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ

“Бизнес-кеңесші” жобасы бойынша кәсіпкерлік бастамасы бар немесе өз ісін дөңгелетіп отырған 670 солтүстікқазақстандық біліктілігін арттырды. Аталмыш жоба “Бизнестің жол картасы – 2020” кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламасының қаржылай емес бөлігі болып табылады. Екі күнгі семинарларда тыңдаушылар бизнесті жүргізу негіздерін, қызметкерлерді басқару, бизнес-жоспар құру тәсілдерін үйреніп, кәсіпкерлік және маркетингтік қызметтердің заңды аспектілерін түсінді.

КАДР САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаментінде өткен семинар-кеңесте мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларындағы өзгерістер мәселелері қаралды. Семинарға Петропавл қаласы және аудандар әкімдері аппараттарының басшылары және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.