«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛҒА ҰМТЫЛҒАН АЗАМАТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Татьяна ФОГЕЛЬ,

журналист.

Бала кезінен ата-анасының еңбегі үлгі болған Сергей Руткаускас көпжылдық еңбек өтілі бар механизатор әкесінің жолын қуды. Ол Омбы автожол институтында инженер мамандығын меңгеріп, туған ауылы – Афанасьевкаға қайтып оралды. 1997 жылы, қиын кезеңде өзінің “Удача” шаруа қожалығын құрды. Оған, әрине, отбасысы көп демеу болды. Әуелі бидай өндіруден бастады. Қазіргі кезде майлы және мал азығы дақылдарын, көкөніс өсіреді. 2013 жылы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша өз қаражаты есебінен 101 бас қазақтың етті ақ бас тұқымды жоғары өнімді төлдерін сатып алды. Мал өсіру есебінен қосымша 30 жұмыс орны ашылды.

Шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп қана қоймайды, оларды толық өңдеп, сақтауға арналған қоймалар, қырмандар, астықкептіргіштер – бәрі бар. Сонымен қатар, Сергей Петровичтің әр ісіндегі басты негіз – кадрлық құрам. Шаруашылықта әр жұмысшы жоғары бағаланады. Олардың еңбегіне лайықты ақы төлеу, тегін тамақтандыру, қолайлы тұрмыстық жағдай туғызу – басты назарда.

Ауыл өмірі мен шаруа қожалығы өмірі біртұтас. Жолдарды жөндеу, көшелерді тегістеу, қардан тазарту, оқушыларды мектепке жеткізу сияқты жұмыстардың барлығы мұнда бұрыннан жүзеге асырылуда. Сергей Петровичтің өзі ауыл өміріне ғана емес, сонымен қатар ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласады. Бүгінде ол Афанасьевка сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты ретінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғайды. Ол нақты істерімен әйгілі.

Сергей Петрович – өзіне өте талапшыл адам және білімге баса назар аударады. Мал шаруашылығымен айналыса бастағаннан бері ветеринария ғылымын игеруде, үнемі өсімдік шаруашылығы бойынша біліктілігін арттыру курстарына қатысады. Ол болашаққа бағдарланған жұмыс істеп, үнемі алға ұмтылу керек деп санайды. Тек сонда ғана бір нәрсеге қол жеткізіп, заман талабына сай болуға болады деп есептейді.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp