«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ – ҮЗДІКСІЗ ҮРДІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстардан өткен мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құру жұмысы қолға алынды.

Балғаным ОСПАНОВА,  

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ҰО” АҚ “СҚО бойынша ПҚБАИ”филиалы Деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушысы.

Үстіміздегі жылдың 10 қазанында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында сертификатталған мұғалімдердің желілік қоғамдастығының модераторларына арналған “Педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеруде желілік қауымдастықтың тиімді жолдары” тақырыбында бірінші облыстық семинар өтті.

Бұл семинар аясында СҚО ПҚ- БАИ-ның Деңгейлік бағдарламалар орталығының жаттықтырушылары мен аудандардағы педагогикалық желілік қоғамдастықтың модераторлары желілік қоғамдастықтың рөлі мен педагогтердің кәсіби өсуі мен кәсіби шеберлігін шыңдау мәселелерін қарастырды. Практикум үдерісінде өз аудандарының желілік алаңдарын құрды, форуммен жұмыс жасады. Интер-белсенді оқыту режімінде желілік қоғамдастықтың ережесі мен жоспары әзірленді.

Семинар соңында “кері байланыс” орнатылып, көтерілген мәселенің өзектілігі мен берілген материалдардың, білімнің тиімділігі сарапқа салынды. Ендігі жерде облыстың сертификатталған мұғалімдері желілік қоғамдастықта білімдерін көтеру мақсатында өзекті деген сұрақтарын қойып, жаттықтырушылар мен әріптестерінен кеңес ала алады және үздік материалдарын жариялап, тәжірибе алмаса алатын болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp