«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ЖЫЛ БОЙЫ – ЛИМИТСІЗ ИНТЕРНЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Beeline Қазақстан USB модемдерді, планшеттерді және телефондарды қолданушыларға арналған “Интернет бір жыл тегін” қызметінің ашылғанын хабарлайды.

Beeline Қазақстанның клиенттері қызметті қоса отырып, жыл бойы лимитсіз мобильді Интернетті тегін пайдалана алады.

USB модемдер үшін:

Қызметті қосу сәтінде қолданушыларға шексіз жылдамдықпен айына 10 Gb трафик беріледі. Қарастырылған көлем аяқталғаннан кейін, жылдамдық ай соңына дейін, секундына 64 кб. дейін төмендейді. Қызметті қосу құны – 9000 теңге.

“Интернет бір жыл тегін” қызметін қосуға мүмкіндігі жоқ жандарға, бөліп төлеу жүйесі қарастырылған. Қызметті қолдану ақысын алғашқы 5 айда: 1-ші айда – 4000 тг., 2-ші айда – 4000 тг., 3-ші айда – 3000 тг., 4-ші айда – 2000 тг. және 5-ші айда – 1000 тг. бөліп төлеуге болады. Осы жағдайда клиент, соңғы 7 айда мобильді Интернетті тегін пайдалана алады.  

Телефондар мен планшеттер үшін:

Қызметті планшетте қосқан жағдайда, клиенттерге ай сайын, ең жоғары жылдамдықпен 10 Gb трафик беріледі. Телефон қолданушылары үшін 1 Gb трафик беріледі. Әрі қарай жылдамдық секундына 64 кб. дейін төмендейді. Қызметті қосу құны планшеттердің иелеріне – 9000 теңге, ал телефон қолданушылары үшін 6000 теңгені құрайды.

“Біз әрқашан қолжетімді бағаға мол мүмкіндік беруге тырысамыз. “Интернет бір жыл тегін” қызметі – бұл біздің клиенттеріміз үшін, мобильді Интернет шығындарын үнемдеуде тамаша мүмкіндік. Қызметтердің бірін қоса отырып, біздің клиенттеріміз 365 күнге мобильді Интернеттің қандай да бір шығындары туралы ұмытуына болады”, – деп Beeline Қазақстан компаниясының коммерциялық директоры Александр Комаров ой бөлісті.

Толығырақ: http://beeline.kz сайтында.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp