Есіл аудандық әкімдіктің мәжіліс залында республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Арман Евниев аудан жұртшылығымен кездесті. Бірыңғай ақпараттық күн аясындағы әңгіме Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын түсіндіру бағытында өрбіді.
Әңгіме барысында Арман Қайратұлы инфрақұрылым мен энергетика, ауыл шаруашылығы, білім мен денсаулық сақтау салаларының дамуы – осының бәрі жаңа Стратегияда кеңінен қарастырылғанын атап айтты. Сонымен қатар, “Агробизнес – 2020” республикалық бағдарламасының жұмысы туралы да толық ақпарат берді.
Есілдіктер республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесіне көптеген сұрақтар қойды. Олар ауыл шаруашылығының дамуы, “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасының жүзеге асырылуы, фунгицидтер мен инсектицидтерді субсидиялау және тағы да басқа сұрақтарға жауап алды.
Арман Евниев Явленка ауылындағы “Егін” ЖШС-дегі диірмен және макарон цехын, Корнеевкадағы “Атамекен-Агро-Корнеевка” ЖШС мал шаруашылығы кешенін аралап, “Заградовское” ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. “Заградовское” және “Прометей” ЖШС-лерінің нысандарында да болды.
Есіл ауданының
Ішкі саясат бөлімі.