«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАДР САЯСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаментінде өткен семинар-кеңесте мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларындағы өзгерістер мәселелері қаралды. Семинарға Петропавл қаласы және аудандар әкімдері аппараттарының басшылары және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша департаментінің басшысы – Тәртіптік кеңестің төрағасы Мұрат Қадырбек “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңға енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру мәселесін кеңінен талқылап, оны жетілдіруге қатысты ұсыныстар болса, оларды жан-жақты қарастыру және кадрлар қызметінің жұмысын саралау өздерінің басты міндеті екенін атап көрсетті.

Семинар барысында департамент кеңесшісі Гүлнәр Дүйсенова бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары жайында баяндама жасады. Сондай-ақ кеңесте мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау тетіктері және қоғамдық мониторинг, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, бос әкімшілік қызметке конкурстан тыс орналасу мәселелері қаралды.

Семинар-кеңестің барысында түскен барлық сұрақтарға тжауап берілді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp