«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАП КҮШЕЙСЕ, САПА ЖАҚСАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты” РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі және Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Петропавлда Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған “дөңгелек үстел” өтті. Басқосуға мемлекеттік органдардың, орта және шағын бизнес кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы Василий Чепухин стандарттау және сертификаттау институтының мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздегі стандарттау саласындағы жаңа нормативтік талаптармен таныстырды.  

“Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институты” РМК-ның СҚО бойынша өкілдігінің жетекшісі Ләззат Кенжетаева өз баяндамасында:

– Біз кәсіпкерлерді әлемдік нарыққа шығу үшін халықаралық стандарттарды сақтауға шақырып отырмыз. Яғни, біздің институт кәсіпкерлерге ішкі нарықта ғана емес, әлемдік саудада да бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі, – деді.

“Дөңгелек үстел” басындағы әңгімеде Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаменті мемлекеттік бақылау бөлімінің жетекшісі Бейбіт Әбілев өнім қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, стандарт талаптары күшейген сайын сапа да жақсара түседі. Бұл өз кезегінде тұтынушының сапалы өнім мен қызметке қол жеткізуіне, сондай-ақ адам құқығын қорғау мәселесін жеңілдетуге ықпалдаспақ. Ал М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің сапа менеджменті орталығының басшысы Марина Погребицкая ISО стандартының бүгіні мен ертеңі жайында сөз қозғады. Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында стандарттаудың ұлттық жүйесін халықаралық, өңірлік және шетелдердің үдемелі ұлттық стандарттау жүйесімен үйлестіру үшін “Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” кәсіпорны стандарттау жөніндегі ұлттық органдармен келісімдер жасасқан.

Жыл сайын 14 қазанда әлем бойынша аталып өтілетін Дүниежүзілік стандарттар күнінің әр жылда көтерілетін ұраны да әртүрлі. Биылғы жылдың ұраны: “Халықаралық стандарттар оң өзгерістерге ықпал етеді”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp