«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОҚАН-ЛОҚЫ КӨРСЕТУМЕН келген олжа орға жықты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығының полицейлері 18 жастағы қыздың алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлаған қарақшыларды бір тәулік ішінде қолға түсірді.

Түнгі клубтардың бірінде киімжайшы болып қызмет ететін бойжеткен жұмысынан соң үйіне қарай Уәлиханов көшесі бойымен келе жатқан. Осы сәтте ол ізіне түскен екі бейтаныс жігітті байқаған. Ер адамдар жаяу жүргіншіні қуып жетіп, аяғынан шалып құлатып, соққыға жыққан. Қарақшылардың бірі “өзіңде барыңды бер немесе пышақтаймын” деп қорқытқан. Зәресі ұшқан жәбірленуші бар ақшасы мен алтын бұйымдарын беріп, қарақшылардың тиіспеуін өтінген. Сөйтіп, сотқар жігіттер қыздың алтын сырғасы мен сақинасын және 3 мың теңгесін тартып алған. Кейін бойжеткен көшеде өтіп бара жатқан көлікті көмекке шақырған. Мұны байқап қалған қарақшылар жасырынып үлгерген. Қыз бала тәртіп сақшыларына жедел хабарласып, мән-жайды баяндаған.

Ертеңіне осы оқиғаға кінәлі деген күдікпен Шал ақын ауданының 20 жастағы тұрғыны қолға түседі. Ол кінәсін мойындап, 21 жастағы досымен бірге ұрланған алтындарды ломбардқа 6 мың теңгеге өткізгенін айтқан.

“Полиция бөліміне келіп түскен арыз бойынша жедел тергеу тобы қылмыскерлердің кім екендігін анықтап, екі аудан тұрғынын келесі күні қолға түсірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қарақшылық шабуыл жасағандары үшін 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін”, – деді Бірінші полиция бөлімінің тергеушісі Нұргүл Шерубаева.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp