«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ БЕРЕКЕЛІ АСТЫҒЫ 5 миллион 113 мың тоннадан асты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел ақпары бойынша, 12 қазанға дейін өңір диқандары 3487,8 мың гектар алқаптың егінін бастырып, дәнді дақылдардың 97,6 пайызын жинады. 5113,1 мың тонна дән қамбаға құйылды. Орташа гектар берекелігі 14,7 центнерден айналуда. Өткен жылы осы кезде гектар шығымдылығы 13,0 центнер болған еді.

Егін шығымдылығы жағынан Мағжан Жұмабаев ауданы – 17,0, ал Қызылжар, Ғ. Мүсірепов атындағы аудандар сәйкес түрде 16,8 және 16,3 центнерден өнім алуда. Ең төмен егін шығымдылығы – Тимирязев ауданында (11,1 ц/га).

361,1 мың гектар алқаптың майлы дақылдары орылды, бұл 82,2 пайызды құрайды. Бастырылған майлы дақылдар 228 мың гектар немесе барлық алқаптың 51,9 пайызы. Орташа шығымдылық гектарына 12,6 центнерден айналуда.

Облыс бойынша 510,0 мың тонна тұқым құйылды, бұл – 100 пайыз.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp