«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құрбан айт құтты болсын!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қасиетті мереке – Құрбан айт құтты болсын!

Құрбан айт ежелден бері халқымыздың бірлігін нығайтып келеді, жақсылық, жанашырлық және мейірімділік сияқты ең жоғары адамгершілік құндылықтарды бейнелейді.

Бұл күні ерте тұрып, сәнді киініп, баршаға жылы шырай білдіріп, ата-аналарымыздың, жасы үлкендердің және сырқаттардың хал-жайын білу, өмірден өткендерге мінәжат қылу – игілікті іс.

Құрбан айт күні құрбандық шалу Жаратқан иемізге ризашылығымызды айғақтайды, адамның ішкі пиғылын сынау, мұқтаждарға аяушылық білдіру және қол ұшын бере білу болып табылады.

Халқымыздың ересен бай рухани мұрасының ажырағысыз бөлігі болып табылатын Құрбан айт ең бейбіт діндердің бірі – Исламда бар шынайы жасампаздық пен рухани жаңарудың негіздерін өз бойына сіңірген.

Исламның шынайы құндылықтары бізге Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін қайтып оралды. Олар халқымыздың рухани дамуында елеулі рөл атқарды. Еліміздің беделді Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етуі – осының жарқын дәлелі.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге дінаралық және ұлтаралық келісімнің үлгісі ретінде танылып отыр. Президентіміздің бастамасы бойынша үш жыл сайын шақырылатын әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері ХХІ ғасырдағы өркениет үнқатысуы дамуының өзіндік кезеңіне айналды.

Бүкіл конфессиялар өкілдерінің толеранттылық пен діни-адамгершілік жетілудің, сан ғасырлық дәстүрлерге құнтты да құрметпен қараудың мызғымас қағидаттарынан айнымауы алдағы уақытта да еліміздің халқының топтасуына, бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына жәрдемдеседі деп сенемін.

Құрбан айт әрбір шаңыраққа, әрбір отбасыға қуаныш пен үміт сыйласын! Біздің күш-қуатымыз бен шабытымызды еселей түсіп, жақсы істер мен әрекеттерге жетелесін! Баршаңызға татулық, жақсылық және амандық-саулық тілеймін!

Самат ЕСКЕНДІРОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp