«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қалалық ІІБ №2 полиция бөлімінің қызметкерлері бірқатар пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні қолға түсірді.

№2 полиция бөлімінің жедел уәкілдері Жанат Бейсенбин, Нұржан Сызбаев пен бөлім бастығы Дулат Мұхаметрахымов соңғы кездері Жұмысшы кентінде жиілеп кеткен пәтер ұрлықтарын ашу барысында 27 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Бұл азамат ертеректе осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған.

Жедел іздестіру тобы күдіктінің үйін тінту барысында жергілікті ломбардтардан алынған кепілдеме талондарын тәркіледі. Бұдан жымқырылған зергерлік бұйымдардың саудаланғаны белгілі болды.

Қала тұрғыны бұрынғы полицейдің сағатын да ұрлап үлгерген. Сағаттағы Ішкі істер органдарының нышандары қылмыскердің зәре-құтын қашырды ма, әлде оны құнды затқа баламады ма, әйтеуір, ауласында жерге көміп тастапты. Сағаттың иесі облыстық Ішкі істер департаменті аппаратының ерікті жалдамалылар қатарында көп жылдар бойы қызмет атқарып, зейнеткерлікке шыққан. Қазіргі таңда ұрланған зат иесіне қайтарылып, күдіктінің өзге 8 ұрлыққа қатысы бары белгілі болды.

Қылмыскер жеке үйлерге терезе, кейде есіктің құлпын бұзу арқылы кіріп, керегін алып кетіп отырған. Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp