«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘМБЕБАП ПОЛИЦЕЙЛЕР қарашада қызметке кіріседі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ішкі істер вице-министрі, полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев СҚО ІІД-нің жеке құрамымен кездесті. Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі облысымызға Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатымен келген.

Ерлан Тұрғымбаев Жолдауды түсіндіре келіп, Елбасы тапсырмалары негізінде Ішкі істер министрлігінде жүргізіліп жатқан жүйелі жұмысқа тоқталды. Қараша айынан бастап құқық қорғау органдарын реформалаудың нақты шаралары қолға алынады. Мәселен, жол және патрульдік полиция бөлімшелері біріктіріледі. Елде “әмбебап полицейлер” қызметін құру шетел тәжірибесінен алынған. ІІМ басшылығы бұл жаңашылдықты енгізу арқылы патрульге шығу бағытында қосарланушылық болмауына, көшелер мен қоғамдық жерлерде қызмет ететін полицейлер қатарын көбейтуге, құқық бұзушылық туралы келіп түскен дабылды жедел елеуге қол жеткіземіз деп отыр. Сонымен бірге осы саладағы заңнамаға өзгерістер енгізу көзделген.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp