Қыркүйекте біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір адамға шаққанда орташа 17 840 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10 705 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7 135 теңге болды.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 15 523 теңге, жасөспірімдер үшін – 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 22 205 теңге және (қыздар) – 17 011 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы халық үшін – ер адамдар – 21 038 теңге және әйелдер – 16 690 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 16 492 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 18 132 теңге, Петропавл қаласы бойынша – 17 298 теңге болды.