«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат тарату тыйылмай тұр. Осы жолы 25 жастағы қалжыңқой мектептердің бірінде жарылғыш зат орнатылды деген жалған хабар таратып, жұртты дүрліктірді. Енді ол осы бейбастақтығы үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

 

Облыс орталығындағы №2 орта мектебіне жарылғыш зат орнатылды деген хабар Ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығы кезекшісінің “102” телефон нөміріне сағат 15.35-те келіп түскен. Бірден оқиға орнына жедел әрекет ету топтары жұмылдырылып, ғимарат толығымен қоршауға алынды. 350-ге тарта адам қауіпсіз жерге шығарылды. Мектеп іші мен сыртын “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері мен кинологтар тексеріп, жарылғыш құрылғыны таппады.

Қолға түскен күдіктінің айтуынша, ол өз таныстарымен бірге 19-ыншы ықшамаудандағы дәмханалардың бірінде ішімдік ішкен. Кейін масайып, “102” нөміріне қоңырау шалуды ұйғарған. Қызылжар ауданындағы Татарка ауылының тұрғыны қазір уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Жыл басынан бері облыс аумағында терроризм актісі туралы жалған хабар таратудың 6 фактісі тіркелген. Екі адам сотталған.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp