Аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту, заңнаманы сақтау және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясын мен басқарамын. Оның құрамында тағы 5 депутат бар: О. Қоңқабаев – төрайым орынбасары, комиссия мүшелері: Ғ. Аманжолова, М. Чекушева, А. Круч, Б.Түленов. Өз жұмысымызды біз аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына және депутаттық өкілеттіктерді орындау барысында қалыптасатын мәселелерге сәйкес жүргіземіз.
Замира РӘХИЕВА,
Есіл аудандық мәслихаттың
тұрақты комиссиясының төрайымы.
Біз отырыстарымызда қауырт мәселелер қатарын саралап талқыладық, олар бойынша тиісті ұсыныстар қабылданды. Одан басқа біз әрбір сессияның алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарына қатысамыз. Шақырылымның басынан бастап аудандық мәслихаттың 20 сессиясы өткізілді және онда 100-ден астам мәселе қаралды. Барлық мәселелер тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралады және жан-жақты талқылаудан кейін ғана сессияға енгізіледі. Қаралған мәселелер аз емес, соның ішінде кейбір аса маңыздыларына тоқтала кетейін.
Былтырғы жылдың сәуірінде “2007-2011 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спортты дамытудың аудандық бағдарламасын орындау нәтижелері туралы” мәселе қаралды. Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының есебі тыңдалды, талқылау барысында депутаттар осы саладағы жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар қабылдады.
2012 жылдың мамырында біз комиссияның отырысында “2009-2011 жылдарға арналған Мүгедектерді оңалту бағдарламасын орындау қорытындылары туралы” мәселені қарадық. Ол үшін үлкен дайындық жұмысы өтті. Басында біз депутаттар мен жауапты қызметкерлерден жұмыс тобын құрдық, содан кейін жаднамаға сәйкес ауылдық округтердегі жағдай сарапталды. Депутаттар Ильинка, Заградовка, Николаевка, Петровка ауылдық округтерінде және Явленка ауылында мүгедектермен кездесіп, әңгімелесті. Осы кездесулер барысында жергілікті жерлердегі кемшіліктер де анықталды. Әрине, мүгедектерге үлкен және жан-жақты қамқорлық көрсетілуде. Сонымен қатар комиссия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы Т. Бұжұқаевқа кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс енгізді.
Сайлауалды науқан барысында біздің комиссияға сайлаушылардан әртүрлі мәселелер бойынша көмек көрсету туралы 22 өтініш келіп түсті, барлығы орындалды, кейбіреулеріне түсініктемелер берілді.
Атқарушы органдардың тұрғындар алдында есеп беру кезеңінде біздің комиссияның барлық депутаттары сайлаушылармен кездесулерге қатысты, оларға айтылған мәселелер шешілді немесе бақылауда тұр.
Сондай-ақ біздің комиссия азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес және күн сайын тұрғылықты жері бойынша қабылдау жүргізеді және келіп түскен өтініштер бойынша шұғыл шаралар қабылдайды.
Қазіргі уақытта біз “Нұр Отан” ХДП филиалының жанындағы партиялық бақылау комиссиясымен тығыз ынтымақтастық орнаттық, мен “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасының орындалуын қадағалау жөніндегі партиялық бақылау бекетінің жетекшісімін. Былтырғы жылдың қыркүйегінде мен бекеттің жұмысы туралы комиссия отырысында есеп бердім.
Тұрақты комиссияның мүшелері жұмысты ұйымдастыруда және ауылдарды абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазарту мәселелерін шешуге, әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына белсене атсалысады, лауазымды тұлғалардың ғана емес, сайлаушылардың да қатысуын талап ететін басқа да мәселелерді бақылайды.
Біз үшін ең бастысы – сайлаушылардың сенімін ақтау. Біз мұны жақсы түсінеміз және өзіміздің күн сайынғы істерімізбен сайлаушылар көңілінен шығуға тырысамыз.