Ғылымның өлгені – есте сақталмағандығы, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені.
* * *
Қыздарды күйеуге беру жөнінде аналарымен ақылдасыңдар.
* * *
Монтаны, екіжүзділіктің белгісі үшеу: өтірік айту, уәдеде тұрмау, аманатқа қиянат жасау.
* * *
Шақырған жерге ғана бар.
* * *
Жәрдем немесе қайыр-садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа. Тағы бірдеңең артыла қалса, ағайын-туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
* * *
Адал деуге рұқсат етілген нәрселердің ішіндегі Алланың хош көрмейтіні – талақ (некелі әйелін тастау).
* * *
Адамдардың арасындағы Аллаға ең сүйкімсіздері – шектен тыс дұшпандық жасаушылар.
* * *
Дінбұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам – сол ниетінен әбден қайтып, арылмайынша, Алла оның тәубесін қабыл қылмайды.
* * *
Тағамды суытыңқырап ішіңіз, өте ыстық күйінде оның берекесі болмайды.
* * *
Қыздан туған бала да (жиен) сол қауымның туысы саналады.
* * *
Қара нәсілді адамдарды да дос тұтыңдар, өйткені олардың үш ұлық адамы Лұқман хәкім, Нахоший, Эфиопиялық азаншы Біләл пейіште болады.
* * *
Мінез-құлқыңның мінәйім, сыпайы болуын қалаймысың? Қаласаң, жетімдерге мейірімділік жаса, олардың басынан сипа, өзің ішетін тағамыңнан бөліс. Сонда ғана мінезің жұмсарып, мейірбан боласың.
* * *
Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
* * *
Өсекшілік дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты бұзу мақсатымен бірінің сөзін екіншісіне жеткізуге құмарлық.
* * *
Арам нәрселерден сақтанғын – адамдардың арасындағы инабаттысы боласың. Алланың берген ризығына разы бол – басқалардан гөрі дәулеттірек өмір сүресің. Көршіңе жақсылық жаса – ұйқың тыныш болады. Өзің сүйген нәрсені өзгелерге де лайықты деп біл – сау-саламат жүресің. Көп күлме. Көп күлсең, шын сөздің де қадірі кетеді.
* * *
Алладан қорқыңдар және перзенттеріңнің бәріне бірдей мейірбан болыңдар! (Оларға киім мен тамақты тең бөліңдер).
* * *
Екі түрлі адамға Алла қиямет күнінде рақым етпейді:
– туған-туыстарынан мүлде қол үзіп кеткендерге, жаман көршіге.
* * *
Екі кісі – бір кісіден жақсы, үш кісі – екі кісіден жақсы, төрт кісі – үш кісіден жақсы; көпшілікпен бірге болғандарды Алла тура жолға бастайды.
* * *
Адамның айыбын бетіне басудан сақтаныңдар.
* * *
Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол – барлық жамандықтың кілті.
* * *
Алла алдында ең жақсы сөз – шын сөз