ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН
Заманның өзгеріп, техниканың қарыштап дамып жатқан кезінде дүкендегі тамақтан бастап, ішетін су, киетін киімнің сапасынан күдіктенетін болдық. Қоспасы жоқ табиғи өнімдерді пайдаланып, фасфудтар мен гендік модификацияланған өнімдерден аулақ болуға тырысатынымыз да ешкімге жасырын емес. Алайда, әйел заты өзіне қатысты ақиқатты мойындағысы келмейді: нағыз сұлулық – табиғи сұлулық. Әйткенмен, әлемдік нарықта жасанды сұлулыққа жұмсалатын қаражатта есеп …