«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢДАЙ ТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақыт ДОСЫМОВ.

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария саналы өмірін сушы қызметіне арнаған. Қазір зейнетте. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүреді. Ешқашан шаршамайды.  

– Ата “маңдай тер” деген не? – деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадап, ұзақ тұрды. Әжімдері тереңдеді. Содан кейін Хамитті жетелеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты.

– Қане, екі-үш көшет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора болып терледі. Үйге келген соң да, жақ ашпады.

Жылдар өтті. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс берді. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп, бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп, қолына ұстатты. Жемістің дәмі керемет еді.

– Маңдай тер деген – осы, балам. Бұл – өзіңнің маңдай теріңнің жемісі, – деп немересін маңдайынан иіскеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp